Дәмі тіл үйіретін котлет рецепті
Дәмі тіл үйіретін котлет рецепті

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық дәмі тіл үйіретін жұмсақ, әрі шырынды, хош иісті котлеттің рецептін ұсынады.

Көптеген адамдар күнделікті әс мәзірін етсіз елестетпейді, бірақ ең дәмді тағамды дайындау көп күш пен уақытты алады. Сондықтан, уақытты үнемдеп және дәмді тағам жасау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін котлет жасаудың қарапайым рецептін пайдаланып, котлетті пеште пісіріңіз.Көптеген адамдар күнделікті әс мәзірін етсіз елестетпейді, бірақ ең дәмді тағамды дайындау көп күш пен уақытты алады. Сондықтан, уақытты үнемдеп және дәмді тағам жасау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін котлет жасаудың қарапайым рецептін пайдаланып, котлетті пеште пісіріңіз.

Табада қуырылған котлетке қарағанда, пеште піскен котлет әлдеқайда пайдалы. Себебі, пеште піскен ет тағамы жұмсақ және зиянсыз болады. Бірақ, котлет табаға қарағанда дұмшапеште ұзақ піседі. Дегенмен, оның басты артықшылығы пеште піскен ет пісу кезінде пайдалы қасиетін сақтап қалады.

Қарапайым котлет жасау үшін 0,5 келі жентек, 1 пияз, 2 картоп, 3-4 сарымсақ түйірі, дәміне қарай қара бұрыш, 50 грамм сары май, 0, 5 шай қасық немесе дәміне қарай тұз, 4 ас қасық майонез, 3 тілім нанның жұмсақ бөлігі керек.

Котлетке арналған жентекті дайындау

1. Котлет жасауды жентек дайындаудан бастаймыз. Бұл тағамды жасау кезінде  дүкеннен сатып алынған емес, өзіңіз қолдан тартып жасаған жентекті қолданыңыз.

2. Жентек жасау үшін бізге етті ет тартқыштан өткізіп алу керек.

3. Содан кейін жентекке арналған салма дайындау керек.

Жентекке арналған салма 

1. Картопты үгіткіштен өткіземіз немесе пышақпен ұсақтап тураймыз.

2. Сарымсақты сарымсақ шырынын сығып алғыштан өткізіңіз.

3. Содан кейін пиязды ұсақтап тураңыз.

4. Нанның жұмсағын аз уақытқа сүтке шылап қойыңыз. Уақыт өткен соң нанды сығып, оны жентекке қосыңыз.

5. Туралған өнімдерді ет тартқыштан өткізілген етпен араластырыңыз. Содан кейін 4 ас қасық майонез бен дәміне қарай бұрыш пен тұз қосыңыз.

Ет қосылған салманы жақсылап қолмен араластырыңыз.

Пешке пісіру үшін котлеттің пішінін жасаймыз

1. Жентек дайын болса котлет жасауды бастай береміз. Алдымен қолымызды суға батырып, сулап аламыз. Содан кейін жентекті қолмен алып, котлет жасаймыз.

2. Жасалған котлеттерді кепкен нан ұнтағына аударып, пісіру табағына тіземіз.

Котлетті духовка шкафына қалай дайындаймыз

1. Котлет тізілген табаны тұмшапешке салмас бұрын – пешті қыздырып алыңыз. Осыдан кейін табаны пешке салып, еттің піскенін күтеміз.

2. Котлеттер дайын болғаннан кейін, оларды кез-келген гарнирмен қосымша тағам ретінде дастарханға қоюға болады. Бірақ котлетті картоппен және шикі көкөністермен араластырып жесеңіз ерекше дәмді болады.

Пеште пісірілетін котлетті қалай шырынды жасауға болады

1 ереже: котлетті бірнеше жануар етін қосып жасаңыз.

Шын мәнінде, ет тағамының дәмді шығуы дұрыс таңдалған ет пен жентектің дайындалуға байланысты. Мысалы, котлетті тек сиыр етінен жасасаңыз, ол құрғақ ет болып қалуы мүмкін. Және сол сияқты, шошқа немесе қой етінен жасалған котлет тым майлы болып кетуі мүмкін. Сондықтан екі түрлі жектекті біріктіріп, жасаған дұрыс.

2 ереже: жентекті қолмен мұқият араластырып, қысыңыз.

Ет жеткілікті икемді, жұмсақ болмаса дайын котлеттер жұмсақ піспейді. Білікті аспаздардың пікірінше, тартылған етті қолмен жақсылып араластырған кезде ғана жентек жақсы шығуы мүмкін.Етті қолмен қысу керек. Мысалы, жентекті қолға алып, бірнеше рет саусақтың арасынан өткізіп жіберуге болады немесе тартылған етті ағаш тақтаймен бірнеше минут ұрамыз.

3 ереже: тартылған етті сумен араластырыңыз.

Котлет құрғақ болмас үшін жентекке міндетті түрде ыстық су немесе сүт қосыңыз. 2-3 ас қасық жеткілікті болады. Ең бастысы, жентек орташа сулы болуы керек. Бұл дайын котлетке шырындылық береді.

Котлетке қажетті жұмсақтық пен көлем беру үшін қарапайым жұмыртқаны пайдаланыңыз. Котлетке жұмыртқаның тек сарысын ғана қосу керек. Мысалы, 1 келі етке 2-3 жұмыртқадан артық қосуға болмайды.

Ал, жұмыртқа ақуызын котлетке қолдануға болмайды. Жентек дайын болғанда, оны 10-15 минутқа тоңазытқышта салып қойыңыз. Сол кезде котлетке арналған жентек жұмсақ шығады.

Котлет пісіруге арналған оңтайлы температура

Тұмшапештің градусы тағы бір шешуші фактор болып табылады. Котлет шырынды, хош иісті және керемет нәзік болу үшін пешке дұрыс температура орнату керек.

Котлетті тұмшапеште пісіретін болсаңыз, пешті 180-200 ° C температураға қойып, пісіру керек. Алдымен тұмшапештің градусын 180-200 ° C-қа дейін жеткізіп, содан кейін котлет тізілген табаны салуға болады.

Температура таңдауда қателеспеу керек. Өйткені, жоғары температура кезінде котлет жай ғана қуырылады, ал төмен температурада піспей, шикі қалады. Ал котлеттің ортасы ұсақ пісіреді, сондықтан температура жеткіліксіз болған жағдайда тағам піспей қалады.

Котлет тұмшапеште қанша минут піседі

Котлет дайындаудың бүкіл процесі шамамен бір сағатты алады. Ал қуыруға 30 минут кетеді. Алғашқы 15 минут негізгі болып саналады. Бұл уақыт еттің пісіп, қоңырлануына мүмкіндік береді.

15 минуттан кейін котлет салынған табақшаны пештен шығарып, ½ кесе қайнаған су құю керек. Егер жақындарыңыздың асқазан-ішек ауруы болмаса, онда етке май қосуға болады. Ол үшін әр котлеттің үстіне 1 шай қасық майдың 1/4 бөлігін қойып шығыңыз.

Содан кейін табаны тағы да қызып тұрған пешке 15 минутқа салыңыз.  Осы уақыт ішінде тағам толығымен дайын болады.

Жентектен жасалған котлет рецепті

Табада қуырылған жентектен жасалған котлеттер күнделікті және мерекелік дастарханның сәнін келтіретін тағам. Әр үй шаруасындағы әйел сөлді, жұмсақ және ең бастысы, дәмді котлетті қалай жасау керектігін біледі.

Табада қуырылған котлет әзірлеу көп азық-түлікті қажет етпейді. Ең бастысы қой еті, сиыр еті, тауық еті, балық немесе ассорти, мысалы, сиыр еті мен қой етінің қоспасы болу керек. Сондай-ақ, жентек үйде жасалған, сапалы, әрі жақсы болса котлет ереше дәмді болады.

Қой мен сиыр етінің қоспасынан жасалған котлет

Сиыр мен қой етінің қоспасынан котлет жасау үшін 500 г қой еті, 500 грамм сиыр еті, 1 пияз, 1 жұмыртқа, 150-200 грам нан немесе ақ нан, 2 -3 сарымсақ, 2 ас қасық майонез, кепкен нан ұнтағы, өсімдік майы, тұз, дәміне қарай қара бұрыш керек.

Дайындалуы:

Котлет қатты үлбірек немесе жабысқақ болып қалмас үшін, әзірлеу кезінде аздап қатқан нан қосу керек. Содан кейін нанға сүт құйып, 15 минутқа қойып қойыз да, сығыңыз. Сосын жентекке майдалап туралған пиязды қосып, аздап ұнтақталған сарымсақ мен нан, майонез, және дәміне қарай тұз бен бұрыш салып, араластырыңыз. Жентек тығыз және сонымен қатар шырынды болу үшін аспазшылар оны жақсылап ұруды ұсынады.

Ол үшін жентекті қолға алып, үстелге немесе тәрелкеге ұру керек. Яғни, бұл котлетке жақсы дәм мен шырындылық береді. Содан кейін, тартылған жентектен котлет жасап, әрқайсысын кепкен нан ұнтағына салып, екі жағын да қызыл-қоңыр болып піскенге дейін өсімдік майымен табаға қуырамыз.Содан кейін табаға аздап су құйып, бетін қақпақпен жауып қойыңыз да котлетті тағы 10 минут пісіріңіз.

Қуырылған котлет жасау кезінде керек болатын тағы бір кеңес ұсынамыз. Котлет хош иісті болу үшін нан ұнтағына кептірілген көк шөпті үгітіп, қосыңыз 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 лет назад 4115
0 комментариев
О блоге