Банк картаны бұғаттады: не істеу керек?
Банк картаны бұғаттады: не істеу керек?

Сіз Қазақстан заңнамасында «карточкалық шот» ұғымы жоқ екенін және «бұғаттау» сөзі тек төлем карталарына ғана қатысты екенін білдіңіз бе? Егер картаңызды бұғаттаса, қалай қылу керек? Қандай жағдайларда банк мұны жасауға құқылы, не істеу керек? Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

Бүгінгі күні өмірді төлем карточкаларынсыз елестету қиын. Көптеген адамдар барлық жерде тауарлар мен қызметтер үшін «пластикпен» немесе смартфондармен төлей отырып, әмияндарында кэш алып жүруден қалып барады.

Статистика көрсетіп отырғандай, азаматтар барлық ақшаны қолма-қол емес тәртіппен төлей бастады. Ұлттық Банктің деректері бойынша, халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен ақша аударымдарының көлемі соңғы 5 жылда 22 есеге өсіп, 2020 жылы 35,3 трлн теңгені құрады (2016 жылы – 1,6 трлн теңге, 2020 жылы – 35,3 трлн теңге). Бүгінгі таңда төлем карточкасы қазақстандықтар үшін қаржылық операцияларды есептеудің негізгі құралы болып табылады.

Картаны бұғаттау деген не?

Әңгімені қазақстандық заңнама шеңберінде «бұғаттау» ұғымы тек төлем карточкаларына қатысты қолданылатынынан бастайық.
Бұғаттау деп төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға, оның ішінде тауарларға ақы төлеуге және қолма-қол ақшаны алуға тыйым салу түсініледі.

Айтпақшы, біздің еліміздің заңнамасында «карточкалық шот» деген жеке ұғым жоқ, ал төлем карточкасы оны ұстаушының әдеттегі банктік шотына қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Эмитент, яғни картаны шығарған банк оны бұғаттайтын жағдайлар Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарда белгіленген. Оларда мынадай жағдайларда эмитенттің төлем карточкасын бұғаттайтыны туралы нақты айтылады:

- төлем карточкасын ұстаушыдан төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарлама алған кезде;

- төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын беру туралы шартты орындамаған кезде;

- эмитент пен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта көзделген төлем карточкасын пайдаланудың ішкі құжаты сақталмаған кезде.

Төлем карточкасын бұғаттау талаптары, атап айтқанда, банктің клиентке хабарлама жіберу тәртібі, тәсілдері мен жағдайлары оны шығару туралы шартта ескертілетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығыңыз!

Қандай жағдайларда банк картаны бұғаттай алады?

1.  Егер бірнеше рет қате ПИН-код енгізілсе.

Кейбір банктерде банкоматта ПИН-кодты қате 3 рет, кейбірінде 5 рет енгізуге жол беріледі, бұдан кейін карта автоматты түрде бұғатталады. Банктер әдетте клиенттерге бұл туралы хабарлайды және қосымша ақпарат алу үшін байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.

Әрекет етуге нұсқаулық: ПИН-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру керек. Мұны мобильді банктік қосымшаның «Теңшеулер» бөлімінде жасауға не банктің call-орталығына жүгінуге болады.

1.  Егер банк үшін транзакция күмәнді болып көрінсе.

Қазақстандық банктерде күдікті транзакцияларға көп көңіл бөлінеді. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуімен қаржылық алаяқтықтардың саны да өсуде. Сондықтан банктер карточкамен жасалатын алаяқтық операциялардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Егер банктің пікірінше, операция күмәнді болып көрінсе, банк карточка бойынша транзакциялардың жекелеген түрлеріне жүйелік шектеулер қоя алады. Нәтижесінде карточка мен оған байланған банктік шот бұғатталады. Осыдан кейін банк клиентпен картаны шығару туралы шартта көрсетілген тәсілмен: SMS, электрондық пошта немесе телефон нөмірі арқылы байланысады.

Іс-қимыл нұсқаулығы: Күдікті транзакция және карточканы бұғаттауға негіз болған жағдайда Банк клиенттердің мүдделері мен қаражатын қорғау үшін картаны бұғаттайды.

Егер қаржы институтының күмәні ақталса және шынымен де алаяқтар Сіздің шотыңыздан белгілі бір соманы шығарып алуға тырысса, онда бұғаттау операцияны тоқтатады. Бұл жағдайда банк карточканы толығымен бұғаттайды, содан кейін оны қайта шығаруға тура келеді.

Назар аударыңыз! Сізге банктен карта бұғатталған және оны ашу үшін шұғыл түрде сілтеме бойынша өту керек деген хабарлама келуі мүмкін. Немесе «банк қызметкері» қоңырау шалуы мүмкін, ол алаяқтық шабуылдарға байланысты картаның бұғатталғаны туралы хабарлап және психологиялық қысым көрсете отырып, картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты, сондай-ақ SMS арқылы келіп түскен кодты хабарлауға шақырады. Сенбеңіз – бұл алаяқтар! Олар банктер мен басқа ұйымдардың ресми нөмірлерін қолдан жасауды баяғыдан үйренген. Асығыс әрекеттер жасамау үшін өз банкіңіздің сенім телефонына қоңырау шалыңыз және Сіздің картаңызда және шоттарыңызда бәрі жақсы екенін тексеріңіз. Оларға қаскүнемдердің сізге қарсы жасамақ болған шабуылдары туралы айтуды ұмытпаңыз.

1. Банк КЖ/ТҚҚ туралы заңды ықтимал бұзушылықтың белгілерін анықтаған жағдайда

Мұндағы айтып отырғанымыз – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Банк операцияны күдікті деп есептеген жағдайда, атап айтқанда, операцияны орындау үшін пайдаланылған ақша қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылса немесе операцияның өзі терроризмді қаржыландыруға немесе басқа да қылмыстық қызметке бағытталған болса, картаны және шотты бұғаттайды. Банктер басшылыққа алатын осындай операция белгілерінің өз тізбесі бар.

Іс-қимыл нұсқаулығы: мән-жайды анықтау үшін банкке жүгіну қажет, кері жағдайда сіз КЖ/ТҚҚ туралы заңды бұзушы клиенттердің аталмыш «қара тізіміне» ілігетін боласыз, яғни сізге тәуекелдердің шекті деңгейі тағайындалады. Банкке қандай төлемді және не үшін жасағаныңыз туралы түсіндірмеңізді ұсыну жеткілікті.

Басқа қандай жағдайларда банк картаны және шотты бұғаттай алады?

Банк транзакцияларды тоқтата тұру түріндегі шектеулер қоюға, сондай-ақ банк шотында орналасқан ақшаға тыйым салуға құқылы.

Мұндай шектеулердің барлығы мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдерінің негізінде бастама алады. Тыйым салуды тиісті актілер мен қаулылар негізінде соттар, сот орындаушылары жүзеге асыра алады. Оларға алименттерден жалтару, салықтарды, үшінші тұлғалардың алдындағы қарыздарды, айыппұлдарды төлемеу және т.б. бойынша шешімдер жатады.

Барлық банк клиенттері төлем карточкасының не себепті «бұғатталғанын» немесе банктік шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы түсініктеме алуға құқылы. Ол үшін өз қаржы институтына жүгіну қажет, ал банк әрекеттерінің заңдылығына күмән болған жағдайда, қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

Жалақы карталары және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлем карталары туралы не деуге болады?

Сіз жалақы алатын карточканы банк бұғаттай ала ма? Ол оп-оңай, себебі ол әдеттегі төлем карточкасымен бірдей. Осыған байланысты жалақы төлем карточкасын «бұғаттау» оны шығару туралы шартта белгіленген төлем карточкасын бұғаттау талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.

Алайда, мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған арнайы шотқа ешкім тыйым сала алмайтынын білу керек. Арнайы шотты, мысалы, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы және өзге де төлемдерді алушылар, алимент алушылар немесе білім беру жинақтау салымдарының иелері аша алады.

Есте сақтаңыз! Арнайы шоттағы қаражатқа: тыйым салуға, банктердің және банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассалық өкімдері бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.

Егер сізде картаңызды немесе шотыңызды екінші деңгейдегі банктердің бұғаттауына байланысты сұрақтарыңыз болса, оларды «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы қоя аласыз немесе +7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша ҚНРДА Call-орталығына хабарласа аласыз.

"Банк картам бұғатталып қалды". Бұл жағдайда не істеу керек?

Төлем картасын бұғаттау – оны қолдануды, яғни, ол арқылы төлем жасау және ішіндегі ақшаны шешім алуды шектеу болып саналады.

Қазақстан заңнамасының шеңберінде "бұғаттау" ұғымы төлем карточкаларына қатысты ғана қолданылады.

Төлем картасы негізінен келесі үш жағдайда бұғатталады:

  • карта иесі банкке төлем картасының жоғалғаны, ұрланғаны не рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарласса;
  • карта иесі төлем картасын беру туралы шартты орындамаса;
  • карта иесі эмитент пен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта көзделген ішкі талаптарды орындамаса.

Сондықтан банктен төлем картасын аларда шартқа қол қояр кезде оны мұқият оқу қажет. Онда төлем картасын бұғаттау талаптары жазылады.

Сондай-ақ, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның 27-бабына сәйкес, клиенттің банктік шотына шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлкін иеленуді уақытша шектеу түрінде шектеулер салынуы, сондай-ақ, банктік шотындағы ақшаға тыйым салынуы мүмкін. Олар уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдерінің негізінде келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • карта иесінің салық қарызы болса;
  • карта иесіне қатысты терге жұмыстары жүргізілсе;
  • карта иесіне алаяқтық күдік тағылса;
  • карта иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы болса.

Банк санкциялар туралы хабарлай ма?

Төлем карточкасын шығару туралы шартта банктің клиентке тиісті хабарламаларды жіберу тәртібі, тәсілдері, жағдайлары толық жазылуға тиіс. Банк пен клиенттің мұндай қарым-қатынасы шарттық қатынастармен реттеледі.

Банк қандай да бір транзакцияны бұғаттауға құқылы ма?

Иә. Мысалы, төлем картасы арқылы күмәнді, күдікті операция жасалса, ол бұғатталады. Картамен алаяқтық операциялары жасалуының алдын алу үшін банктер олардың жеке түрлерін бұғаттай алады.

Бұл ретте, егер банктің клиенті – ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енсе, банктер олардың шоттары бойынша шығыс операцияларын дереу тоқтата тұруға міндетті.

Карта не шот бұғатталса, не істеу қажет?

Егер мұндай жағдай орын алса, банктің қолдау қызметіне жүгіну қажет. Клиенттің банктік шотындағы ақшаны жұмсау уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті актілері/шешімдері/өкімдері негізінде шектелген жағдайда, түсінік алу үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жүгінген дұрыс.

Төлем картасы бұғатталған жағдайда, ішіндегі ақшаны банк кассасы арқылы шешіп алуға болады. Бұл үшін жеке куәлікті ала бару керек.

Картаны оның иесі өзі бұғаттан шығара ала ма?

Төлем картасын клиенттің өзі бұғаттаған болса ғана оны банктің интернет-ресурсында жеке кабинетте бұғаттан шығаруға мүмкін бар.

Төлем картаасы бұғатталған не банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылған кез келген жағдайда, карта иесі банкке сұрату жібере алады және оған банк түсініктеме беруі тиіс. Сондықтан егер банк әрекетінің заңды екеніне күмән болса, өз құқықтарыңызды қорғау үшін сот органдарына және қаржы реттеушісіне жүгінуге болады.

Материал FinGramota халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру ресурсының мәліметтері негізінде әзірленді.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 года назад 2293
0 комментариев
О блоге