Балаңызбен дос болам десеңіз...
Балаңызбен дос болам десеңіз...

Балаңызбен қарым-қатынас жасаудағы 10 басты қағида:

1. Әрдайым естен шығармаңыз: сіздің балаңыз – сіздің өміріңіздің қуанышы.

2. Балаңыздың көзінше былапыт сөз айтудан аулақ болыңыз, отбасы мүшелерінен де осыны талап етіңіз.

3. Балаңыздың сізге немесе сіз қалаған адамға ұқсап өсуін талап етпеңіз. Өз қабілетіне сай толыққанды азамат болуына бар жағдайын жасаңыз.

4. Балаңыздың жіберуі мүмкін қателіктеріне қатты сынмен қарамаңыз. Оның тәжірибесі аз. Оған әрдайым сенетініңізді айтып отырыңыз.

5. Тек балаңызды емес, өзіңізді де тәрбиелеңіз. Балаға ең бірінші әсер ететін фактор – өзіңізсіз.

6. Балаңыздың ең жақын досы өзіңіз екенін білдіріңіз. Бұған күнделікті қолдау—қолпаштау фразаларын пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

7. Балаңызға еркіндік беруді ұмытпаңыз. Киінуде болсын, бөлме сәндеуде болсын, өзінің талғамына ерік беріңіз.

8. Өзіңіз қандай-да бір шешім қабылдау барысында, балаңыздың бұдан хабардар болуға құқы бар екенін естен шығармаңыз. Осылайша, «Отбасы – кіші мемлекет» екенін жастайынан санасына сіңіре аласыз.

9. Балаңызға еркіндік бере отырып, қадағалауды дағдыландырыңыз. Балаңыз сізді құрметтесін десеңіз, соған лайықты болуы керексіз.

10. Балаңызға салыстыру мен салғасытыруды, анализ бен синтез жасауды үйретіңіз. Бұл әдісті қарапайымнан күрделіге қарай жасағаныңыз жөн.

Материалдарды жинаған: Алина Болатбек

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3213
0 комментариев
О блоге