Балаң су сұраса, міндетті түрде былай жаса
Балаң су сұраса, міндетті түрде былай жаса

Бала тәрбиесі үшін дастарқан басы да − өзінше бір мектеп. Демек осы сәтті пайдаланып, баланың көкірегін ашатын, санасында сабақ болып мәңгі қалатын баянды оқиғаларды айта отырып, әдептілікке, имандылыққа баулуға болады. Баланың қоректенуі өте маңызды. Себебі, алдыңғы бөлімдерде де айтылғандай, дененің өсіп-жетілуі, ойлау қабілетінің дамуы дұрыс қоректенуге байланысты. «Ас − адамның арқауы» деп айтылғандай, жас ұрпақтың да денінің саулығы дұрыс қоректенуге байланысты. Сондықтан хазірет Омар халифа (р.а.) болып тұрған кезінде сәбиге дүниеге келген сәтінен бастап қазынадан ақша бөлген. Пайғамбарымыздың ата-анаға жасаған ескертуінің бірі – баланың су сұрауына байланысты. Пайғамбарымыз бала су сұрағанда оны күткізбей, түннің жарымында болса да дереу айтқанын орындау керектігін айтады. Ал тамақ сұраған кезде оны күткізуге болады. Бұл оларды ораза ұстауға жаттықтыруға, сабырлы, шыдамды болуға үйретеді.


Ihsan.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3658
0 комментариев
О блоге