АҚШ-та ғажайып киіз үй пайда болды (видео)
АҚШ-та ғажайып киіз үй пайда болды (видео)

АҚШ-тың Орегон штатының тұрғындары Зак пен Николь қазақы үйді өздері салып, ішіне орналасып алған. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Аталған киіз үй түсірілген видео YouTube-та жарияланды. Бейнежазбаның сипаттамасында Зак пен Николь мұндай дәстүрлі үйге заманауи тұрғыдан көз салған.

Киіз үй диаметрі – 9 метр. Ол жайлы өмір сүру үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған және көптеген бірегей құрылымдық ерекшелігі бар. 

«Киіз үйлер – әдемі, жайлы әрі функционалдық үйлер. Мына үй сәулеттік дизайнның нағыз қазынасы болып шыққан», - деп атап өтті видео авторы.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
5 лет назад 5133
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир