Әмір Темір шешесі еврей болғандықтан мұсылмандарды қырды
Әмір Темір шешесі еврей болғандықтан мұсылмандарды қырды

Шыңғысханға дейінгі, яғни ХІІІ ғасырға дейінгі қазақ мұсылмандығы жайын сол жүзжылдықтың тұсында өмір сүрген араб тарихшысы Ибн әл Асирдің «Китаб әл-камил фи-т-та'рих» атты еңбегіндегі деректер қамтиды.  Ол деректерден Орта Азия мен қазақ даласындағы мұсылмандарда сопылық дәстүр болғаны байқалмайды. Иран аумағында болған көптеген секталар жайлы баяндалады, ал біздің аумақтағы билеушілердің жақсы мұсылмандар екені атап көрсетіледі (Қазақ хандығы-Қараханиди билеушілері).

Аталған еңбектің орысшасында қазіргі қазақ даласы «Страна тюрков» (түрк елі) деп жазылса, Тараз, Испиджаб (Шымкент маңы), Шаш (Ташкент), Ферғана, Қашқар қалалары орналасқан аумақтар «область тюрков» (түрк аймағы) делінген. Ал Бұхара, Самарқан қалалары орналасқан аумақтар «Мауренахр өлкесі» деп аталып, олардың түрк жеріне жатпайтыны айтылған. Арабша жазылуында «қазак» пен «түрк» сөздері өте ұқсас екенін айттық. Сондықтан Ибн әл Асир жазбасының түпнұсқасындағы «қазак» атауын жасыру үшін орыс ғалымдары оны орысша аудармаларда «түрк» деп көрсеткен. Алтын Орда халқы жайлы жазған ХIV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута еңбегінің орысша аудармасында да қазіргі қазақ даласын мекендеген ел «түрк» деп аталады. Алтын Орда халқы «түрк» деп аталмағаны баршаға мәлім. Осы жайттар араб жазба деректерінде қазақ елі қамтылғанын, тек оны Ресей идеологтары «түрк» атауымен жасырғанын айғақтайды.

Демек, ІХ ғасырдағы Қараханид мемлекеті заманынан бастап қазіргі Ташкент, Тараз, Шымкент, Ферғана аумақтарынан сонау Орал тауларына дейінгі алып аймақ «қазақ елі» деп танылғаны анық. Қараханид мемлекеті анығында «Қазақ хандығы» деп аталғанын алдыңғы мақаламызда көрсеттік. Оны билегендер түрки әулеті екенін, яғни қазақ елі хандары екенін Ибн әл Асир анық жазған. Олардың Ислам дінін түсінде қабылдаған арғы бабаларының «Шабук Карахакан» деген есімі дұрысында «Шаттық Казах кан» екенін арабша жазылуымен дәлелдедік. Бұл жайында Ибн әл Асирдің мына жазбасында да айтылған: «Говорят, что страна Туркестан, а это Кашгар и города Баласагун, Хотан, Тараз, а также другие среди тех, которые граничат с ними, в стране Мавераннахр, была в руках царей — ханов, тюрков. Они — мусульмане из потомства Афрасиаба Тюрка, но только они занимаются междоусобицами. Их прадед, Шабук Кара-хакан, принял ислам по той причине, что он видел во сне, будто бы человек спустился с неба и сказал по-тюркски то, что означает: «Прими ислам! Ты будешь благополучен в этой жизни и в будущей». И он во сне своем принял ислам и поутру обнаружил, что он мусульманин. Когда он умер, на его место встал его сын Муса ибн Шабук. И в этом краю царский сан не прекращался среди его потомков вплоть до Арслан-хана ибн Мухаммада ибн Сулаймана ибн Дауда Богра-хана ибн Ибрахима, почетно прозванного Тигадж-хан, сына Илека, почетно прозванного Насром, Арслана ибн Али ибн Мусы ибн Шабука. Он взбунтовался против Кадир-хана в 494 (1100-01) г, и тот отнял у него царство, но Санджар убил Кадирхана и вернул царство Арслан-хану. Нога его стала твердо, но поднялись мятежники, тогда он воззвал к султану Санджару, тот защитил его и вернул на царство».

Турк елін билегендер турк хандары делініпті, яғни қазақ елін билегендер – қазақ хандары. Алғашқы мұсылман дінді қазақ ханы Ислам дінін түсінде қабылдағаны, таңертең оянғанда өзінің мұсылман екенін түсінгені баяндалады мұнда. Яғни, ол таңертең оянғанда періштелер өзін түнде сүндеттеп қойғанын көрген. Құдіреті шексіз Алла қазақ ханына түсінде мұсылмандық қабылдатқанына, осылайша басшысы арқылы бүкіл қазақ халқының жаппай Ислам дініне көшуіне жол ашқанына көз жеткіземіз. Оның Ислам дінін қабылдауына ешқандай қожаның немесе арабтың, сопының тікелей ықпалы болмаған. Оның Ислам дінін қабылдауы түсінде іске асқан, көктен адам бейнесінде түскен періште оны Ислам дініне өз ана тілі – түркі, яғни, қазақ тілінде шақырғаны анық айтылады. Оның ұрпақтары қазіргі Қазақстан аумағын және оған қоса Ташкент, Ферғана, Қашқар аймақтарын ІХ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейін билеп келгені де анық жазылған.

Олай болса, қожа-арабтар әулеті Қараханид мемлекетін билеген, қазақ халқына Ислам дінін таратқан деген орынсыз тұжырым. Ондай тұжырымды қазақты ертеден дербес ел болуға дәрменсіз жабайы болғандай етіп көрсетуге тырысқан, «жабайы» қазақты жартылай мұсылман еткен қожалар мен татар молдалары деген Ресей империясының зымиян саясаты орнықтырды.

Қазақ халқына Ислам діні ең алғаш VIII ғасырдың басында жетті, оны жеткізген – сол замандағы арабтың асыл мұсылмандары. Олар көп ұзамай қазақ қыздарымен отау құрып, Рамадан, Нөкіс, Сейіт (Ошақты тайпасы құрамында) атаулы қазақ рулары болып қалыптасып кетті. Яғни, қазақты Ислам дінімен ең алғаш таныстырған араб мұсылмандары қазақ халқының бұзылмас бір бөлшегіне айналды. Себебі ол замандағы араб мұсылмандарында өзін ақсүйек, өзгені қара деп тану мүлде болған жоқ. Сол себептен олар мұсылмандықты қабылдаған қазақ, өзбек, қарақалпақтарға тез сіңісті. Ал қожа руы қазіргі Өзбекстандағы Ходжанд қаласын VIII ғасырда иеленген ал-Хаджаж арабтарынан тараған. Олардың ХІІ ғасырдың басында «қожа» атауымен тарих сахынасына шыққанын Ибн әл Асир дерегімен көрсеттік. Ибн әл Асир жазбаларында қожа руы «ақсүйек» немесе «билеуші ру» деп жазылмайды. Тек оның Ходжанд қаласында қалыптасқанын, арғы тектерін Иранды билеген араб Әл-Хаджаж  билеушінің әскер басшысы Мухалаб Абу Суфрадан тарататынын баяндайды. Мухалаб Абу Суфра да, оның басшысы Әл-Хаджаж да Мекке маңынан шыққан арабтар екені тарихшыларға мәлім. Әл-Хаджаж атауы ол билеушінің қажылық аймақтан, яғни Мекке арабтарынан екеніне куә. Оның әскері де сол аймақ арабтары болған, сол әскердің Ходжанд қаласында орныққандары кейін қожа атауымен жеке ел болып қалыптасқан деген жөн.

Ал «ақсүйек» сөзі – таза қазақы сөз (арабтық емес). Оларға бұл атау Шыңғысхан заманынан кейін таңылған. Қазақ халқында сонау Хунь (қоңр) империясы заманынан Асылұя-Ас династиясы адамдарын «ақ жік (ақ ру)» деп тану қалыптасқан. Ол династия адамдары қазақты ғана емес, бүкіл Еуразия халықтарын билеп-төстеп келді (Осман империясының негізін қалаған Асылжік-селджук династиясы да солардан). Сондықтан сары орыс елі билеушісін қазақ «ақ патша» деп таныған (халқын сары десе де, билеушісін «ақ» деп атаған). Шыңғысхан ұрпақтарын «төре» деп атаған («төргі» сөзінен, яғни «жоғарғы ру» деген ұғымнан қалыптасқан), оларды ақсүйектер деп таныған.

Шыңғысхан әулеті өз ұрпақтарының мұсылмандық қабылдау арқылы болашақта көп қазақтың біріне айналатынын жақсы түсінді, яғни жақын болашақта қарапайым рулармен құдаласып, араласып таңдаулы, текті ақ әулет дәрежесін жоғалтарына көздері жетті. Олар қазіргі Маңғолиядан келген мұсылман емес қазақтар болатын. Сондықтан сонау Хунь (қоңр) империясынан сақталған «тек ақ рулармен құдаласу» дәстүрін  ұстанатын (Шыңғысхан әулеті тек қоңыраттың бір ғана таңдаулы руымен құдаласып келгені тарихшыларға мәлім). Ал адамды ақ пен қара деп бөлуге тыйым салатын мұсылман дінінде ол дәстүрлерін сақтау мүмкін емесін олар түсінді. Алайда, билік өздерінде болғандықтан ұрпақтарының «таңдаулы ақ ру» болып билікті сақтап қалуына мүдделі болды. Өз әулеттерінің қарапайым қазақ руларымен құдаласпайтын ақсүйек ру екені шариғатқа қайшы емесіне мұсылман қазақты сендіру қажет еді. Осы міндет қожа руына жүктелген деп түсінемін. Осылайша олар өздеріне халық арасынан қожа руын одақтас қылған. Өйткені, арғы тектері Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) руынан болғандықтан қожаларды мұсылман қазақ қатты құрметтеген.

Шыңғысхан ұрпақтарына жақын одақтастық қожа руын да ақсүйек деп қабылдайтын түсінікке ұрындырған. Бұл жағдай мемлекеттік билікке жақын немесе сол билікке мұрагер болуға ұмтылған кей қожаларға жағымды әрі қажет болуы да заңдылық. Бұл үрдіс Темірлан заманында аса қатты белең алған. Түркістанға Қожа Ахмет кесенесін тұрғызып, оны табыну орнына айналдырған да сол Темірлан екені баршаға мәлім. Қожа Ахметтің ешбір өсиетінде «Менің қабіріме келіп, қажеттеріңді сұраңдар» деген жол жоқ. Осылайша халық арасында және қожалардың өз арасында «қожалар – ақсүйектер» деген қате ұғым қалыптасты. Анығында ол түсінік Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тура жолына, яғни қожалардың арғы Асыл аталарының жолына қайшы екені даусыз.

Темірланның анасы тоналған керуеннен аман қалған қыз деген дерек бар. Ол тат, яғни еврей қызы болуы мүмкін. Өйткені Бұхар еврейлері Темірлан заманын «алтын ғасырымыз» деп таниды, Түркі қағанатында Ираннан құлдыққа әкелінген тат-еврейлер сол заманнан «Бұхара еврейлері» деп атала бастады. Олар Темірлан заманында билікке де, байлыққа да қол жеткізді және олар аса құрметтейтін Даниил пайғамбардың сүйегін Ирактан Самарқанға әкеліп жерлегенде сол Темірлан. Темірланның негізінен мұсылмандарды қырып-жойғанын, ал христиандар мен еврейлерге тиіспегенін тарихшылар таңдана жазады (Джастин Мароцци «Тамерлан завоеватель мира»). Темірланның мұсылман әлемін Шығыс Еуропа крестшілері жорығынан қорғап тұрған Баязит сұлтан мемлекетін талқандауы, сонымен қатар Батыс Еуропалық христиан мемлекеттеріне тосқауыл болған Алтын Орда империясын біржола жоқ қылып ойрандауы кездейсоқтық емес. Оның басты кеңесшілері нағашы жұрты болған деу орынды. Оның бүкіл Орта Азияда (Оңтүстік Қазақстан аймағын қоса алғанда) ертеде қайтыс болып кеткен қадірлі мұсылман ғалымдары мен қолбасшыларының қабірлеріне кесенелер тұрғызып табыну орнына айналдыруы мұсылмандарды бір Аллаға табынудан қашықтату ниетінен туған. Мұсылманды жеңу үшін оны Алланың қолдауынан айыру қажетін оның нағашылары жақсы біледі. Сондықтан Орта Азия мұсылмандары арасында әулие аралап, қабірлерге табынатын дәстүр жаппай енгізілген. Осылайша ХVI ғасырда Орта Азия мен қазақ мұсылмандарының үлкен бөлігі қажетін Алладан тікелей сұрамайтын жамағатқа айналды, Алланың қаһарына ұшырады. Нәтижесі көп күттірген жоқ, Орта Азия мен Қазақстан христиандық орыс империясының отарына айналды, Шығыс Түркістан кәпір Қытайдың құлдығына түсті.

Темірлан мен оның нағашылары өз мақсаттарына қожа руын қолданды деген жөн. Түркілік мұсылман халықтардың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туыстарын аса құрметтейтін дәстүрін өз қажеттеріне жаратты. Орта Азия мен Кавказ мұсылмандарында буддалық монахтар мен христиан монахтары дәстүрлеріне жақын сопылық жол қалыптастырылды. Ол жол қожалардың мұсылмандығының ажырамас бір бөлігіндей болып кетті. Анығында қожалар әуелден сопылық жолда болды деген жалған түсінік. Ибн әл Асир дерегінде ең алғаш тарих сахнасына шыққан Қожа имамның Иран аумағында сектант-мұсылманның (кадарид сектасы) қолынан қаза тапқаны көрсетілген. Яғни, ол тура жолды ұстанғаны үшін қаза болды, Ибн әл Асир қожаларда сопылық жол барын жазбаған. Ал ақиқат ХХ ғасырдағы орыс тарихшылары тұжырымында емес, сол ХІІІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Ибн әл Асир дерегінде екені даусыз. XIV ғасырдағы арап саяхатшысы Ибн Батута Хожелідегі (қазіргі Қарақалпақстандағы қала) имамдардың қадарид  сектасы адамдары екенін, алайда олардың өздерінің кім екенін жасыратынын, өйткені қала әкімі мен Алтын Орда билеушісі Мұхаммед Өзбек ханның суннит мұсылмандар екенін айтып өтеді. Осы дерек XII ғасырда Қожа имамды өлтірген ирандық қадарид сектасының XIV ғасырда Орта Азиялық хожалар арасында кең таралып қойғанын байқатады (Хожелі атауы ол қаланың бір заманда хожалар тұрағы болғанына дәлел).

Сол заманнан бастап соңғы кезге дейін қожалардың кей тобында «Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі билік қожаларға тиесілі» деген түсінік орын алғанын, оларда сопылық аңыздар арқылы қожалардың Пайғамбар (с.ғ.с) отбасынан ғана емес, сонымен қатар Шыңғысханның арғы тегімен туыс деген тұжырым орныққанын жапон ғалымы Казуо Маримото мен белгілі ғалымдар Д.Девиз,  А.Муминов зерттеулері айғақтайды: «Казуо Маримото анализирует генеалогическую таблицу, составленную во второй половине 15 го века, являющую собой неизвестную до этого родословную Тимуридов. Генеалогия возводит Тимуридов к героям исламизации региона, святым воинам, якобы проиcходившим от Мухаммада ибн аль-Ханафия, потомки которого предположительно управляли землями, позже ставшими территориями династии Тимуридов. Данная генеалогия, описанная на арабском языке, была обнаружена в тетради, принадлежащей Али ибн Касиму аль-Мусави аль-Наджафи. Заметно, что родословная потомков Тимура в тетради Аль-Наджафи была вставлена или надстроена в родословную Мухаммеда ибн Аль-Ханафии. Особенно фантастична и наиболее странна та часть родословной, которая соединяет Мухаммеда ибн Аль-Ханафию и Ильяс Хана, так как всего через четыре поколения после ибн Аль-Ханафии возникает совершенно тюркское имя - Карабугра Хан, который приводится как его потомок. При этом между Карачагханом (Карачаром) и Мухаммедом ибн Аль-Ханафией виден огромный временной разрыв в шесть веков, тогда как в родословной указано только 14 поколений. Однако родословная, несмотря на все неточности, была убедительной для своих современников, так как отражала центральноазиатский нарратив исламизации, укорененный в ясавийской суфийской традиции, где главным протагонистом выступает Исхак Баб – один из трех легендарных героев, распространявших ислам. Исследования Д. ДеВиза и А. Муминова и др. о наследии Исхак Баба в нарративной и генеалогической традициях показали, что данный нарратив сложился в период монгольского владычества (ХІІІ-ХIV века) среди местного мусульманского населения. Понятно, что, объединяя Тимуридов с влиятельными суфийскими шейхами, родословная выполняла четкую политическую цель, так как шейхи могли бросить вызов потомкам Тимура за политическое влияние. Исхак баб и его родственники проводили исламизацию, согласно легендам, на территориях, которые исторически принадлежали династии Караханидов. Когда три героя достигли Ташкента (Чач), они разделились - Абд ал-Рахим завоевал Кашгар, правил там тридцать лет и исламизировал его, также, как и Баласагун. Таким образом, родословная Тимуридов показывает их как потомков легендарной династии, которые еще до самого Тимура исламизировали регион, были воинами за веру, но также и его правителями. Подводя итог, нужно отметить, что, несмотря на то, что данная родословная выглядит фантастически, на самом деле она несет глубокий смысл. В ней можно увидеть две главные формы легитимности власти: ясавийскую и алидскую. Нарратив Исхак баба есть связь с ясавийской традицией. Но также в данной родословной Тимуриды представлены как алиды (потомки Али). Моримото приводит ряд эпитафий (из мемориала Шах-и Зинда в Самарканде), где говорится, что легендарная Алан Гоа имела непорочную связь с лучом света, принявшим форму человека-потомка Али ибн Абу Талиба (племянника пророка Мухаммеда). Возведение Тимуридов к Али происходит параллельно чингизидской генеалогии. Хотя они объединены происхождением от Алан Гоа, две династии – тимуридов (караханидов) и чингизидов, похоже, претендуют на самостоятельные, хотя и параллельные позиции. Мы не знаем, кто изобрел ее – придворный тимуридов или суфийский шейх, но определенно она служила целям укрепления династии. Привязка ходжей или семейств кожа к Алидам, к Алан Гоа (к древу Чингисхана) до сих пор курсирует среди кожи в южных регионах Казахстана, что я зафиксировал во время полевых работ в 2014 году. Улан Бигожин».

Осы деректерден Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы дәстүрлі билік Шыңғысхан әулетіне ғана емес, одан бұрын келген қожаларға да тиесілі және Темірлан арғы тегінде Шыңғысханға ғана емес хожаларға да туыс деген түсінік орын алғанын көреміз. Сол Темірлан заманында арнайы шежіре дайындалып, онда VІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанды билеген қожалар әулеті және Темірлан арғы тегінде солардың ұрпағы деп көрсетілген екен. «Қанша өтірік болса да оған сенетіндер Оңтүстік қожалары арасында көп» дейді Ұлан Биғожин. Оның бір себебі «Қазақта мемлекет болмаған, тіпті өз билеушісі де болмаған» деп халқымыздың тарихын бейшара етіп өзгерткен орыс империясы саясатында жатыр. Өйткені, олар ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген мұсылман дінді Қазақ хандығын «Қараханид» етіп тарихқа енгізді және оны билеген қожалар әулеті деген жалған тұжырымды орнықтырды.

Анығында, біздегі қожа руы – қазақтың ажырамас бір бөлігі, олардың қазаққа одан да жақын болуына «ақсүйек» деген қате түсінік кедергі. Иә, қожа – қазақтың бір тайпасы, ол – ешқандай ақсүйек емес, құрметті ру. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жұртынан. Қазақ халқының билігіне мұрагер деп танылып келген бірден-бір ру – төрелер. Ал қожа руының билікке еш мұрагерлігі болған емес. Мысалы, қыпшақ немесе найман рулары қырғызда да бар. Алайда, олар өздерін ең әуелі қырғыз деп санайды, ал біздің қыпшақтар пен наймандар өздерін әуелі қазақ деп таниды. Қазақ қожаларында да өздерін ең әуелі қазақ халқынан деген түсінік қалыптасуы мемлекетіміздің болашағы үшін аса қажет. Олардағы «Өзбек хожалары – жақын туысымыз, ақсүйекпіз. Сол себептен қара қазақпен құдаласу – қателік» деген түсінік қазақ мемлекетінің болашағына аса қауіпті екені даусыз. Төле бидің кеңесшісі болған қожаның кейін Ташкент қаласынан қазақтарды қуып, оны өзбек қаласына айналдырғаны жайлы тарихи дерек сөзімізге куә.

Тараз, Алматы, Маңғыстау және басқа да аймақтардағы қожалар әлдеқашан қазақтың ажырамас бөлігіне айналды. Олар қазақтың барша руларымен құдаласып, сіңісіп кеткен. Алайда, Түркістан, Созақ, Кентау аумағындағы қожаларда өзбек тілділік басым, олардың қазақтан гөрі өзбекке жақын екені байқалады. Себебін өзбек халқындағы қожалармен тығыз қарым-қатынастары сақталуынан іздеген жөн болар.

Жалпы қожалардың барлығын сопылық жолды ұстанушылар деу – қателік. Қазақтың асыл діні Исламмен қайта жақын қауышы жолында қыруар еңбек етіп жатқан ағайынды мұсылман ғалымдар – Смановтар әулетінің бір өзі талай нардың жүгін көтеруде. Олар ашқан медресе түлектері Қазақстан аумағындағы талай мешіттерде қызмет етіп, халқымыздың Ата дініне жақындауына себепкер болуда. Алайда, сопылық жолды қару еткен кей қожалар тобы мемлекеттегі дін саласын жуық болашақта өз қолдарына алуды мақсат еткендей. Өйткені, ондай тәсіл Темірлан заманынан қолданылып келгенін жоғарыда айтып өттік.

Алтын Орда аумағын XIV ғасырда аралап өткен араб саяхатшысы Ибн Батута деректері қазақ мұсылмандығы мен Орта Азия халықтары мұсылмандарығында өзіндік ерекшеліктер бар екенін айғақтайды. Ол Қырым маңындағы Керіш түбегінен бастап, Алтын Орданың Қырым (Крымск), Азақ (Таганрог), Мажар (Казанская станицасы), Хажтұрған (Астрахан), Әккі (Прохладная), ел астанасы Ас-Сарай (Ақ қыстау елді мекені маңы) қалаларында болып, ол шаһарлардың түрк еліне, яғни қазақ халқына тиесілі екенін және олардың мұсылмандық ұстанымдары жайлы нақты деректер көрсетеді. Солардың бірде-бірінде қазақ халқында әулиелердің қабірін құрметтеу немесе кесенелер салып зиярат ету дәстүрі бары жазылмаған. Мысалы, Хажытұрған (Астрахан) қаласы ертеде бір сыйлы қажының мекені болғанын, оған хан сол жерді сыйға бергенін және ол үлкейіп әуелі елді мекенге, кейін алып қалаға айналғанын баяндайды. Алайда, сол қажының қабірі сақталғанын немесе оның қабірі сыйыну орнына айналғаны айтылмайды. Алтын Орда ханы мемлекет астанасындағы дін басшысын қатты құрметтейтінін, билеушілерден бастап қарапайым қызметшілерге дейін бес мезгіл намазын қаза етпейтінін, сол себептен жолға шыққанда көшпелі мешіттерін тастамайтынын (киіз үй-мешіттер) жазады. Қымыз, боза ішетіні, өйткені Ханафи мазхабы оған рұқсат ететінін айтады. Тамақ ішіліп болған соң құран оқылып, діни уағыздар айтылуы дәстүр екенін де баяндайды. Хан әйелдерінің мүсәпірлерге көп садақа беретінін де жеткізеді. Алайда, еш жерде «Алтын Орда аумағындағы халық әруаққа сыйынады немесе қабір-кесенелерге барып мал шалатын дәстүрлері бар» демеген.

Ал Орта Азияда барлығы керісінше, Сарайшық қаласынан (Қарақалпақстандағы Хожелі қаласынан төрт күндік жердегі ескі қалашық орнында) бастап, Хожелі (орысшада Ховарезм деп бұрмаланған), Бұхара, Самархан тәрізді Орта Азиялық қалалардың барлығында әулиелер кесенесі көп екені және ол қабірлер жергілікті мұсылмандардың сыйыну орнына айналғаны нақты деректермен баяндалады. Сол қалаларды билеуге тағайындалған қазақтардың (орысша «Шыңғысхандық татарлар» деп көрсетілген) жергілікті мұсылмандарға еліктеп сол қабірлер басын зиярат етуге дағдыланғанын да айтып өтеді. Осы жазбалар Темірлан заманына дейінгі қазақ халқы бір Аллаға ғана сыйынғанына және бір Құдайдан ғана қажетін сұраған тура жолдағы мұсылман ел екеніне куә. Хақ жолдан жаңылысу Темірлан билеген заманда басталған. Сондықтан әулиелерді Алламен арадағы «посредник» етуге дағдыланған сопылық жолды қазақтың ата-бабасының жолы дегендер қатты қателеседі.

Қалай болғанда да қазақ бір Аллаға ғана сыйынған мұсылман, ал қазіргі сопылық жол - билікке жетуді мақсат еткен бір топтың қаруы ғана. Өйткені, ондай сопылық жолды ұстанғандар ұстазына толық бағынып, сол ұстаз-әулиесі арқылы ғана Алладан жәрдем сұрайтын «зомби» топқа айналады. Ондай зомби-мұсылмандарды басқару, өз мақсаттарына қолдану өте оңай. Ал қажетін тікелей бір Алладан сұрайтын, өз бетімен Құран аяттары мағынасы мен хадистерді зерттеп оқитын еркін мұсылманды өзгенің қолшоқпары ету қиын. Арабқа ұқсаймыз деп барынша тырысатын, алайда сөздері орысша кей орыстанған мұсылман қазақтарға ренжиміз деп сопылардың қармағына түспейік, ағайын. Қазақтың мұсылмандығы еш арабтан кем болмаған. Біз мұсылман әулиелер мен ғалымдарды құрметтейміз, алайда олардың қабірлерінен сұрамаймыз. Біз бір Алладан ғана тілейтін, бір Аллаға ғана сыйынатын қазақ халқымыз, ата-бабамыздың жолы сол. Осы жолды ұстансақ ғана Алланың қорғауында боламыз, осындай тура жол - мемлекетіміз бен ұлтымыздың сақталуының басты кепілі болып табылады. Ал сопылық жолдың Алланың қахарына ұшырататына, оның ақыры мемлекетіміздің жойылуына және ұлтымыздың өзгеге құл болуына апарарына өткен тарихымыздың өзі куә.

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2899
0 комментариев
О блоге