Алма жөнінде көбіміз біле бермейтін 15 мәлімет
Алма жөнінде көбіміз біле бермейтін 15 мәлімет

Алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттерін әрбіріміз білетін болармыз. Қазан айының 21-жұлдызы – Алма күні.

Өз кезегінде жемістің бұл түрі жайлы қызықты мәліметтер ұсынуды жөн көрдік.

  •  Әлемде алманың 7500-ден астам сұрпы өсіріледі. Күн сайын алманың жаңа сұрпының дәмін татып көру үшін, адамға 20 жылдан астам уақыт қажет.
  • Алмалардың неліктен суға батпайтынын білесіз бе? Себебі көлемінің 25 пайызы ауадан тұрады.
  • Алма құрамында майлар мен холестеридер жоқ. Және ол – жасұнық көзі. Орта есеппен бір алмада адамға керек өсімдік талшықтарының 4,5 грамм мөлшері бар.
  • Алманың шие тәрізді кішкентай, грейпфрут сияқты үлкен түрлері бар.
  • Алма ағаштарының жасы 100 жылдан аса уақытқа жете алады.
  • Алма қабығында пайдалы талшықтардың үштен екі бөлігі мен көптеген антиоксиданттар бар. Өкінішке орай, алмаларды жинай салысымен, оларға табиғи балауыз жағады. Ол жемістердің сырты жылтырап, көге әдемі көрінуі үшін жасалады. Балауыз табарды бактериялардан қорғап, пісу процесін баяулатады.
  • Алмада ой белсенділігін арттыратын бор микроэлементі бар.
  • Алма дәндерінде, қауіпті заттек, цианид аздаған мөлшерде кездеседі.
  • Алғашқы жемісін беру үшін алма ағаштарына 4-5 жыл уақыт керек.
  • Алмада шамамен 80 калория бар.
  • Қытай, АҚШ, Түркия, Польша және Италия – алма ең көп өсірілетін елдер.
  • Әдетте бақтарда аласа алма ағаштары өсіріледі. Себебі аласа ағаштарды күту, жемісін жинау оңайырақ.
  • Орта есеппен адам жыл сайын 65 дана алма жейді.
  • Алма құрамында алма қышқылы бар. Ол – тіс ағартатын құралдар жасап шығаруда қолданылатын химиялық зат. Алма қышқылы тіс кіреукесіндегі дақтардан арылуға көмектеседі.
  • Малусдоместикафобия – алмадан қорқу.

Stan.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 6472
0 комментариев
О блоге