Algadai Abylgazyuly: Біз саңлақ сахабалардың салып кеткен сара жолындамыз ба?
Algadai Abylgazyuly: Біз саңлақ сахабалардың салып кеткен сара жолындамыз ба?
Ұмра қажылығында бір ұстазымыз Ұхуд тауына ұзақ уақыт көз салып қарап, сосын өзі бастап барған тобына: " "Садақшылар төбесінен" хабар келмей тұрып, төменге жүгіріп түсіп кеткен сахабалар кімдер еді?" деп сұрайды. (Ұхуд соғысы туралы оқысаңыз, толық түсінесіз)
Ешкім тіс жарып жауап қатпады!
Білмегендеріне қажылар қатты қысылып: " Шынын айтсақ біз білмейді екенбіз ұстаз..." деді.
Сол кезде жаңағы ұстаздың аузынан, таңданбасқа шараң жоқ, мына сөздер шықты:
- Шынымды айтсам, мен де білмеймін. Негізі бұны ешкім білмейді, өйткені сахабалар бір-бірін кінәлап сөйлеген емес. Бір-бірінің кемшілігін жасырып, жақсылығын асырған. Сондықтан бұл жайлы Ислам тарихшылары тіс жарып еш нәрсе жазбаған...
Ой, Алла-ай! Ал біз ше?!
Бір-бірімізді жерден алып, жерге ұрғанда ешкімге дес бермейміз!..
Бауырлар, ұмытпайық: "Мен болған нәрсені айттым" деп , болған нәрсені айту - ғайбат, ал болмаған нәрсені айту - жала жабу болады...

Algadai Abylgazyuly

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 1912
0 комментариев
О блоге