105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде орман пайда болған (фото)
105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде орман пайда болған (фото)

Австралиядағы Хоумбуш шығанағында 105 жыл бұрын иесіз қалған кеме әлем жұртшылығын таң қалдырып, жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналды. 1911 жылы әскер тасу үшін жасалған кеме талай тарихты бастан өткеріп барып, Хоумбуш шығанағынан орын теуіпті.

1368895995_8

Кемені пайдаланушылар оны өңдеуге жіберуді ұмытып, осы айлаққа қалдырған. Содан ғасырдан да астам уақыт ішінде кеме ішіне кәдімгі орманды көзге елестетердей көп ағаш қаулап өсіп шыққан.

7407603784_10e3c3c7f1_b

Кеменің ішіндегі ағаштар оның түбін тесіп, тамырын тереңге жіберіпті. Жергілікті тұрғындар кемедегі орманды шет елден келген қонақтарға мақтанышпен көрсетеді. Әрі оның сақталуына үлкен мән береді. Австралия тұрғындары ерекше орманның сәнін бұзбау үшін ескі кемені орнынан қозғамауды ұйғарыпты.

abandoned-ship-5

 

Әзірлеген Дана Қамшыбек

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3623
0 комментариев
О блоге