Тыныс алуды жеңілдететін 10 бөлме өсімдігі (фото)
Тыныс алуды жеңілдететін 10 бөлме өсімдігі (фото)

1980 жылдардың соңында НАСА және АҚШ ландшафт мердігерлерінің қауымдастығы ғарыштық нысандарда ауа тазартудың түрлі әдістерін зерттеді. Олар кейбір бөлме өсімдіктері ауаны сүзгіден өткізе алатынын және осы өсімдіктер тұрған бөлменің ауасы тазарақ екенін анықтаған.  

1. Ас үй 

Азалия өсімдігі әдемі гүлімен ғана ерекшеленбейді, ол тазартқыш құралдарында және ДСП ағаштарынан жасалған жиһаздарда кездесетін формальдегид пен бензолды жақсы сіңіреді.

2. Балалар бөлмесі

Гербера (Gerbera jamesonii) пластмассадан, синтетикалық талшықтардан, резина, сия және тағы да басқа химиялық өндіріс материалдарынан бөлінетін бензолды сіңіреді.

3. Қонақ бөлме

Бенджамин фикусы (Ficus benjamina) формальдегид, толуол, ксилол мен аммиак буларын бейтараптандырады. Принтер, ксерокс, басқа да оргтехникалардың жанына қоюға болады. Ауаны жақсы ылғалдандырады.

4. Жатын бөлме

Адамдар 6000 жылдан астам уақыт бойы алоэ вераны (Aloe vera) қолданып келеді. Мысырда бұл өсімдік «мәңгілік өмір гүлі» деп аталған. Әлі күнге дейін алоэ тері ауруларын, жара мен күйікті емдеуге тиімді құрал ретінде пайдаланылып келеді. Алоэ вера ауаны формальдегид пен бензолдан тазартады, түнде оттегін бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді.

5. Жұмыс бөлмесі

Кактус (Cereusperuvianus) компьютерден бөлінетін электромагниттік сәулені жақсы сіңіреді.

6. Гардероб

Хлорофитум (Chlorophytum comosum) күй талғамайтын өсімдік, күн түспесе де, салқын жер болса да, бір ай бойы су құйылмаса да өсе береді. Теріден, боялған заттардан, түсқағаздардан, полиграфиялық өнімдерден бөлінетін булармен белсенді күреседі. Үй жануарларына қауіпсіз.

7. Кіреберіс бөлме

Колеус (Solenostemon) — көлеңкені сүйетін өсімдік, жиі су құюды, қайта отырғызуды талап етпейді, өкпек желді жақсы көтереді. Ауаны жақсы сүзгіден өткізеді және өзі де әдемі көрінеді.

8. Дәліз

Әлем лалагүлі (Spathiphyllum) күн түсуді талап етпейді және кең таралған 3 улы зат: формальдегид, бензол мен трихлорэтиленді сіңіруі бойынша НАСА рейтингінде бірінші орынды алады. Ол сонымен қатар толуол мен ксилолды жақсы сіңіреді.

9. Ұстахана

Алтын потос (Scindapsus aures) — төзімді өсімдік, көлеңкеде өсе береді, төмен температураларды көтереді, ауаны жақсы тазартады, оның ішінде көмірқышқыл, толуол, бензол тотығынан.

10. Ескі үйлерге

Герань (Pelargonium) ауаны дезинфекциялайды және жағымсыз иісті жояды, бактериялардан тазартады, күйемен күресуге көмектеседі. Эфир заттектері бөлмені хош иіске бөлеп қоймай, ұйқыға жақсы әсер етеді және жүйке жүйесін тыныштандырады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 5025
0 пікір
Блог туралы