The Telegraph басылымы әлемдегі ең әдемі банкноттардың рейтингін жасады.
Рейтингке әлем бойынша 15 банкнот енгізілді. Тізімде алғашқы орынды Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге алды. Басылым негізге тау фонындағы қар барысы бейнеленген 10 мың теңгелік купюраны алған.
Рейтингте екінші орында Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық ақша бірлігі - оңтүстікафрикалық рэнд тұр. Барлық банкнотта әртүрлі жануар бейнеленген.
Үшінші орында - бес бірлік номиналындағы жаңазеландиялық доллар. Банкнотта сары көзді пингвин - хоихо бейнеленіпті.
Төртінші орынды француз тынықмұхитты франкі алды. 500 бірлікті номиналда адамдар, аралдағы флора мен фауна көрсетілген.
Үздік бестікке коста-рикалық колон деген атаумен танымал болған Коста-Рика валютасы кірді. Екі мыңдық номиналда акула мен теңіз жұлдыздары бейнеленген.
Соңғы, яғни 15-орында Нигерияның ресми валютасы - найра тұр. Бес бірлікті купюрада жергілікті тайпа бейнеленген.