Талақ айтып ажырасу - әйел өмірін құрдымға кетіреді (ВИДЕО)
Талақ айтып ажырасу - әйел өмірін құрдымға кетіреді (ВИДЕО)

Үнділік Шависта Шейхтің бұрыңғы күйеуі 4 жыл бұрын онымен телефон арқылы ажырасып кеткен деп хабарлайды bbc.com. Күйеуі үш мәрте «Талақ! Талақ! Талақ!» деп айтқан. Осы үш сөзден кейін некелері бұзылды. «Ер адамдар «Талақты» үш рет айтып, барлық жауапкершіліктен арылғысы келеді. Бірақ бір адамның бүкіл өмірі құрдымға кететінін мүлде ойламайды» дейді Шависта. Ислам әлемінде талақ айтып, ажырасып кетуге тиым салынған. Алайда Үндсітанда ажырасудың бұл түріне рұқсат етіледі. Мұсылман әйелдер аталмыш үрдісті жою үшін күресіп жүр. Алайда Мұсылман ұйымдарының тарапынан зор қарсылыққа тап болады. Әйелдердің айтуынша Үндістан конституциясында талақ айтып ажырасуға рұқсат етілмейді. Қазіргі таңда Үндістанда көптеген әйелдер мен балалар күйеуінің тарапынан талақ айтып ажырасқаннан кейін қаржылық көмектен қағылған. Мұсылмандық жеке құқықтық кеңестің уәкілдері жақын уақытта сөзбен ажыраса салатын ер адамдар заң түрінде жазалануы мүмкін екенін айтқан.

qamshy.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3383
0 пікір
Блог туралы