Тәбеттің қашуы қандай аурулармен байланысты
Тәбеттің қашуы қандай аурулармен байланысты

Адамның кей сәтте аяқ астынан асқа тәбеті тартпай, тамақ ішу жүйесі бұзылады. Мұның кей аурулармен қатысы болуы мүмкін.

1.Аяқ астынан тамақ ішкісі келмей қалу, аузының дәмі кету, мұрны бітеліп, су ағу, тілінің ақ өңезі молаю – сіреспе тұмаудың белгісі.

2.Тәбеті тоқтау, астан жеру, майлы тамақ жесе іші өту – көкбауыр, асқазан қызметінің бұзылғанының белгісі.

3.Ас ішкісі келмеу және аузы кермек тату, майлы тамақ көрсе жүрегі айну – бауыр, өт ауруларының белгісі.

4.Тамақ жеген соң бір-екі сағаттан кейін құрсағының жоғары бөлігі оң жақ иығына дейін солқылдап ауру – өт жолы ауруына шалдыққанның белгісі.

5.Тамақ жеген соң іші кебу, жүрегі айну, асқазаны ауыру, анда-санда іші қату немесе іші өту – асқазан төмендегендігінің белгісі.

6.Асқа тәбеті болмау – асқазан, ішек, бауыр, өт, ұйқы безі ауруларының белгісі болудан сырт, жүрек қуаты әлсіреу, несептен улану, өкпе туберкулезі сияқты аурулардың әсері боуы мүмкін.

7.Асқа мүлде тәбеті болмай қалу – асқазан қатерлі ісігінің әсері.

8.Тамақты тойып ішкен соң құрсағының жоғары жағы екі жақ жауырынына дейін созылып, кенет ауру, оған қоса жүрегі айну, құсу немесе денесі қызу – ұйқы безі жедел қабынуының белгісі.

9.Қарттар тамақ ішкен соң іші кеуіп, асқа тәбеті азайып, барған сайын арықтаса, бірден дәрігерге көріну қажет. Себебі, бұл асқазан қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін, деп жазады медицина ғылымдарыны докторы Жасан Зекейұлы.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 5005
0 пікір
Блог туралы