Sweatberry Tours: Саяхат қалай ұйымдастырылады, оның ерекшелігі неде?
Sweatberry Tours: Саяхат қалай ұйымдастырылады, оның ерекшелігі неде?

Бұл туралы Ерлан Амангелдинов Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтады.

F: Ерлан, сен қай жерде дүниеге келдіңқай мектепте білім алдың?

-Мен 1994 жылы  Қарағандыда дүниеге келдім. Каладағы  № 86 мектепте білім алдым.  Ата-анам кәсіпкерлер. Әкем Қарқаралыдан, ал анам Баянауылдың тумасы. Қазір олар бала-бақша желісімен айналысады. «Дарынды бала» Қарағанды облысы бойынша ең үздік бақша болып саналады. Мен үйдің үлкенімін, менің 5 қарындасым және 1 інім бар.    

F: Осыдан біраз уақыт бұрын  Малайзияға  тіл үйрену үшін барған екенсіңҚандай тілді меңгердіңқанша уақыт оқыдың?

- Иә, мен оныншы сыныпты оқып бітірген соң  екі айға Малайзияға ұшып кеттім. Ал, ондағы мақсатым-ағылшын тілін үйреніп келу болды.  Бұл менің өз бетімше аттанған алғашқы шетелдік сапарым, асқақ арманға қол жеткізу жолындағы   алғашқы тәжірибем болды. Бұл бір ерекше әрі маңызды сапар болғанын айта кеткім келеді. Себебі, дәл осы кезде маған саяхаттау қатты ұнады, бір орында тұралап қалмай, алға жылжып, үнемі қозғалыста болудың маңызды екендігін терең түсіндім. Мен бұл кезде небары 16 жаста едім. Ал онда екі ай оқыдым, маған өте қиын, бірақ бір жағынан ерекше қызық болды.   

F: Ата-анаң сені алысқабөтен елге жалғыз жіберуге қорыққан жоқ па?

-Жоқ. Бұл мәселеде еш проблема болған жоқ. Себебі, мен кішкентай кезімнен өз бетінше өскен баламын.  Бірінші сыныптан бастап мектепке өзім бардым, жол алыс әрі қауіпсіз бола тұра сабаққа жалғыз кете беретінмін. Сондықтан, ата-анам маған қатты уайымдаған жоқ. Қолдады  және сенді.     

F: Канадада оқығаныңды білемізОнда оқуға қалай түстіңқандай мамандықтың меңгердің?

- Мен 11 сыныптан кейін Канадаға оқуға түсу туралы шешім қабылдадым және көп ұзамай сонда аттаным кеттім. Бизнесті басқару мамандығы бойынша білім алдым. Оқу ақысын ата-анам төлеп отырды, ал қалғанын, күндегі тамағымды, жалға алу  және осындай өзге де шығындарды  өзімнің табысымнан төледім.   

F: Оқып жүріп жұмыс істеген екенсіңНемен айналыстыңқандай табыс таптың?

-Мен шырын түрлерін шығаратын зауытта еңбек еттім. Ал каникул кезінде екінші және кейде үшінші жұмысты қатар істейтінмін.  Кафеде еден жудым, темір жол возкалында істедім және онда  қар күреумен айналыстым. Жақсы төледі,  барымды салып, күніне 18 сағат жұмыс істеген кезде айлық табысым  $4500 дейін жететін.       

F: Қазақстанға қайта оралғаннан кейін консалтингтік компанияға жұмысқа орналасқан екенсіңБірақ ондағы қызметің неге ұзаққа созылмады?

- Шынында Қазақстанға оралған соң бірден консалтингтік компанияға жұмысқа тұрғаным рас. Жақсы жалақы ұсынды. Айына 200 мың теңге. Бірақ, мен араға екі ай уақыт салып  кеңседе отыратын жұмыстан жалыға бастадым. Бір сөзбен айтқанда күні бойы офисте отыру маған арналмаған жұмыс екенін түсіндім. Себебі, Канадада бір орында отырмай еңбек еттім, күн сайын тірліктің қамымен  жүрдім.  Мен үшін күн тәртібі осылай қалыптасты.

   

F: Саған саяхат ұйымдастыру жөніндегі  идея қалай келдіҚай кезде бастадыңҚолыңда қаражат болды ма?

-Негізі Канададан кейін Америкаға саяхаттағым келген болатын. Бірақ, достарымның ешқайсысы менімен бірге  бара алмады.  Себебі, олардың қолдары тимеді. Бірі жұмыста, енді бірі оқуда болды.  Сапарға жалғыз емес, жаныңа серік болатын жандармен бірге барған әлдеқайда қызық болары белгілі. Ең бастысы олардың басын қосу керек, бірлескен саяхатты ұйымдастыру керек. Осы кезде шынында, неге осылай жасамасқа деген ойға келдім. Менің идеям осылай пайда болды.  Бұл үш жыл бұрын болатын. Ал 2 жарым жыл бұрын мен өзімнің алғашқы турымды ұйымдастыра бастадым.   

F: Алғаш Головкин мен Канелоның кездесуіне жанкүйерлер алып барғаныңнан хабардармызОны қалай ұйымдастырдың? Кімдер арқылы?

-Иә, мен тұңғыш   турды Головкин мен Канелоның кездесуіне орай жасаған болатынмын. Қазақстаннан Лас-Вегасқа 6 адам алып бардым. Бәрін өзім ұйымдастырдым. Үлкен бокс кешіне барғысы келетіндерді іздестірдім, оларға виза рәсімдеп, билеттерін сатып алып, тұратын жерлеріне  алдын ала тапсырыс бердім.  

F: АҚШ-қа жасалған алғашқы турдан қанша табыс таптыңСапар ақталды ма?

-Мен бірінші турдан ешқандай табыс таппадым.  Бірақ, өзіме кеткен жол шығындарын жаптым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Осылайша алғаш ұйымдастыру жұмыстары мен туристік қызметтің қыр-сырын меңгеріп алдым.  

F: Кезекті тур қайда бағыт алды?  Саяхатшыларды қалай жинадыңҚанша адам ниет білдірдіОлар негізінен кімдер?

-Кезекті тур Будапешт пен Римге жасалды. Ал оның бағасы небары 170 мың теңге ғана болды. Бұл бір адамға арналған, ал онда төрт бағытқа арналған ұшақ билеті, тұрғынжайға  орналастыру және туристерді алып жүру қызметі кірді. Бір айта кетері  жоғарыдағы бағаға ешкім  сенбеді, көбі маған кәмінмен қарады, осындай оңай жолмен ақша жинап, қашып кетуі мүмкін деп ойлады. Бәрін инстаграм арқылы жармаладым. Осылай 13 адам жиналды. Бәрі де 18 бен 25 жас аралығындағы  жастар. Мен жасқа қатысты әдейі  шектеу қойдым, себебі олардың бәрінің қатарлас болғанын қаладым. Бұл саяхат үшін өте маңызды.       

F: Жалпы қай елдерге және қанша сапар ұйымдастырдыңҚазірге дейін қанша саяхатшыға қызмет көрсеттің?

 -Қазірге дейін біз 55 тур жасап үлгердік. Жалпы, 600 астам адам саяхаттады. Токиодан бастап Лос-Анджелеске дейін, Исландиядан Біріккен Араб Әмірліктеріне дейін саяхатттадық. 2020 жылы  Бразилия, Аргентинаға ұшатын боламыз. Ал одан кейін Австралия мен Оңтүстік Африкаға баруды жоспарлап отырмыз.  

F: Сапар қанша күнге жалғасадыОрташа бағасы қандайСаяхатшылар үшін несімен тиімдіОлар қайда тұрадықалай саяхаттайды?

-Жалпы, саяхат  7-10 күн жалғасады. Турлардың бағасы әртүрлі болып келеді. Мысалы, Арзан Тур деген бар, бұл 3-4 мемлекетті қамтитын және барынша төмен баға. Сонымен қатар, турлардың қымбат түрлері бар. Бұл Америкаға бағытталған сапар, оның құны 1 млн теңгеден басталады. Ал негізінен пәтерлер мен жекелеген үйлерде тұруға тырысамыз.  Отельге жайғасқаннан  қарағанда осылай  орналасқан өте қызық.Себебі, бұл саяхатшылардың  өзара  әңгіме құрып, демалысты жақсы өткізуге  мүмкіндік береді.    

F: Кәсіпкер ретінде тіркелдің беКомпания қалай аталадыКомандада кімдер бар?

- Мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенмін.  ИП Sweatberry Tours аталады. Қазір командада менен басқа тағы 3 адам бар. Олардың екеуі турларға бірге аттанса, бір адам, яғни менеджер хабарламаларға жауап береді және келісімдермен айналысады. Сонымен қатар,  аутсорста бізде бухгалтерия және виза рәсімдеу қызметі жұмыс істейді.  

F: Виза мәселесі қалай шешілудеӨзге турфирмалардан өзгешелігіайырмашылығы неде?

- Қазіргі күні біз виза рәсімдеу жұмыстарымен тікелей айналыспаймыз. Өйткені, визаға қатысты барлық  мәселелермен айналысатын агентіктермен жұмыс істейміз. Осылай жасау біз үшін әлдеқайда тиімді және ең бастысы сенімді. Себебі, олар өз саласының кәсіпқойлары және нюанстардың бәрін жақсы біледі.   

F: Шет мемлекеттерде қиындық туған кездер болған жоқ паОлар қалай шешімін табады

-Сапар барысында проблемалар кездесіп тұрады. Бірақ, біздің бақытымызға орай олардың барлығы шешімін тапты. Мысалы, Римнан Қазақстанға ұшар алдында, небары 3  ұшақ бұрын топтағы  бір қызымыз паспортын жоғалтып алды. Бірақ, біз елшілік арқылы бұл мәселені тез арада шешіп, елге қарай уақытында аттанып кеттік. 

F: Қазір Қазақстандықтарға қызмет көрсетудесіңАл шет елдің азаматтарын Қазақстанға әкелу жоспарда бар ма?

-Қазіргі кезде біздегі негізгі кіріс Қазақстан саяхатшыларынан түседі. Яғни, біз арқылы шет елге сапарлайтын туристерден. Ал, болашақта керісінше жасауды ойлап отырмыз, әлем елдерінің азаматтарына Қазақстанды көрсету туралы жоспарымыз бар. 

F: Қазір сенің табысың қалай белгіленеді?  Кіріс қаншалықты артудаСұраныс қаншалықты жоғары?

-Бізде анау айтқандай үлкен кіріс жоқ. Себебі,  біз қазіргі кезде жан рахатының сезімі үшін, шын көңілмен еңбек етудеміз. Бізге өз кәсібіміз ерекше ұнайды, біз осылай топпен бірге саяхаттағанды жақсы көреміз, сондықтан, сапар бағасын көп көтермейміз. Ең бастысы табысымыз жол шығынын жауып отыруы керек және біздің  пайдамыз күндегі  қажеттіліктерге  жетіп отырса болғаны.

F: Форбс Қазақстан ұйымдастырған «30 жасқа дейінгі 30» тізіміне қалай ендің?

-Иә, мен бұл тізімге кездейсоқ іліктім. Өйткені, онда мені достарым ұсынды. Ал менің тарихым және айналысатын бизнесім редакторларға  ұнаған  болса керек.

F: Болашақ жоспар қандайБизнестің ауқымын кеңейту немесе жаңа жобаны қолға  алу ойда бар ма?

-Алдағы уақытта  Ресейден Еуропаға осындай турларды ұйымдастыру жөніндегі жоспарым бар.  Сонымен қатар, ақырындап ішкі туризмді дамытуға үлес қосқымыз келеді. Әрине, басқа жобаларды қолға алу туралы ойларым болды, бірақ қазіргі кезде толығымен Sweatberry Tours бағытына барынша беріліп істеу туралы шешімге келіп отырмын. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 жыл бұрын 2132
0 пікір
Блог туралы