Сахабаларды түсінде көрген жігіттің тәубесі
Сахабаларды түсінде көрген жігіттің тәубесі

Бір мешітте уағыз тыңдап отырған жігіт, имамның "біз ешқашан сахабалардай бола алмаймыз. Олармен тіпті тең емеспіз" деген сөзіне қапа болып:

- "Неге біз олардай бола алмаймыз, қай жеріміз кем?" - деп зекиді.

Имам:
- "Әй бауырым олай деме, Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаху алейхи уасаллам) менің сахабаларымның азғантай берген садақасына мына біздердің Ухуд тауының көлеміндей берген садақамыз жетпейтінін баяндап кеткен" - деп сабырға шақырады.

Қабағын түйе мешіттен шығып кеткен әлгі кісі түнгі ұйқыда ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір автобус жардан құлауға шақ тұрған-ды. Ішінде Алла елшісі Мұхаммед (саллаллаху алейхи уасаллам) отыр екен. Ағыл-тегіл автобустың қасына барып тоқтатудың қамын іздеп, дөңгелекке тас тіреу үшін жүгіріп барып тас әкеліп, енді дөңгелекке тірейін десе, дөңгелектің түбіне сахабалары бастарын қойып тіреп жатқанын көреді. 
Аң-таң бола оянған жігіт сахабалардай бола алмайтынына көзі жетіп, тәубе еткен екен.

Зауре Даулетованың Фейсбуктегі парақшасынан
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 жыл бұрын 3241
1 пікір
Блог туралы