Құлпынайдың адам денсаулығына пайдасы мол
Құлпынайдың адам денсаулығына пайдасы мол

1. Құлпынай жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады

Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болып жатқан адамдар саны күн санап көбейіп келеді. Егер бұл жемісті өзіңіздің ас мәзіріңізге қосатын болсаңыз, аталған аурудың алдын алуға болады. Өйткені, оның құрамында холестерин деңгейін төмендететін эллаговалық қышқыл бар. Сонымен қатар, құлпынайдағы С дәрумені қан тамырларын қалыпты деңгейде ұстайды.

2. Құлпынай жемісі беттегі пигменттік дақтарды кетіреді

Егер теріңізді ағартып, секпілдер мен пигменттік дақтардан құтылғыңыз келсе, бетіңізге құлпынайдан маска жасаңыз. Алайда әуелі білегіңізге жасап көріңіз. Егер бәрі жақсы болса, бетіңізге пайдаланып көруге болады. Мұндай масканы аптасына 1-2 рет жасап тұрған дұрыс.

3. Құлпынайдан жасалған маска безеу мен қабынуға қарсы көмектеседі 

Егер теріңізге түрлі бөртпелер шығып мазалайтын болса, онда ойланбастан құлпынайдың түйінінен маска дайындаңыз. Себебі, оның құрамында тері ауруларымен белсенді күресетін антиоксиданттар бар.

4. Бұл жеміс кәріліктен де сақтайды 

Құлпынайдағы антиоксиданттар кәрілікпен күреседі. Ол үшін түскі тамақтан соң 40 минуттан кейін құлпынай жеу қажет. 

5. Құлпынай тісіңізді ағартады

Құлпынайдың құрамындағы С дәрумені тісті сарғаюдан құтқарады. 

6. Көздің көруін жақсартады

Жыл өте келе көзіңіздің көруі де нашарлай түсетіні анық. Құлпынай құрамындағы С дәрумені, органикалық қышқылдар, флавоноидтер көз ауруларының алдын алады.

massaget.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 5248
0 пікір
Блог туралы