Құйрық майдың пайдасы қандай?
Құйрық майдың пайдасы қандай?

Халқымыз ежелден қойдың құйрық майын түрлі мақсатқа пайдаланған. Жаңа туған сәбиді майлап, босанған аналарға ішкізген. Алайда кейінгі кезде құрамында холестерин бар деп құйрық майды қолданушылар азайып кетті. Көпшілігі өсімдік майын тұтынады. Ал медицинада құйрық майдың пайдасы ұшан-теңіз екен.

Бұл туралы невролог, нутрициолог Ұлжалғас Сманова Экспресс К тілшісіне айтып берді.

Ұлжалғас Сманова / Жеке мұрағатҰлжалғас Сманова / Жеке мұрағат
Ұлжалғас Сманова / Жеке мұрағат

Тұрғындарды дұрыс тамақтануға үйретіп жүрген дәрігер құйрық майдың пайдасы өте көп екенін айтады. Майдың құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдар тұнып тұр.

Құйрық қанша майлы болса да ас қорыту жүйесіне өте жеңіл сіңіріледі. Майдың құрамында пайдалы амин қышқылдары, В тобының және А, Е, яғни дәрумендердің өте көп түрі бар. Цинк, селен, фосфор, магний, яғни ағзаға қажетті көптеген минералдарға бай,

— дейді дәрігер.

Құйрық қанша майлы болса да ас қорыту жүйесіне өте жеңіл сіңіріледіҚұйрық қанша майлы болса да ас қорыту жүйесіне өте жеңіл сіңіріледі
Құйрық қанша майлы болса да ас қорыту жүйесіне өте жеңіл сіңіріледі

Құйрық майдан адам ағзасына жақсы әсер беретін холестеринді алуға болады. Мәселен, өсімдік майының кейбір түрін жоғары температурада қыздыруға болмайды. Ал құйрық май мен іш майды жоғары температурада қыздырсақ та құрамын өзгертпейді. Яғни қайнатып, қуырып, қақтап, тіпті шикілей тұтынсақ да майдың табиғи құрамы бұзылмайды.

Құйрық май — қаныққан және қанықпаған қышқылдардың табиғи көзі. Ағзадағы горомондар майлардан түзеледі.

Егер құйрық майды көбірек жейтін болсақ, гормондар синтезделеді. Құйрық майдан бөлінген холестерин жаңа гормондардың бөлінуіне тікелей септігін тигізеді. Ерлердің жыныстық белсенділігін арттырса, әйелдердегі бедеулікке ем,

— деді Ұлжалғас Сманова.

Құйрық майды көбірек жейтін болсақ, гормондар синтезделедіҚұйрық майды көбірек жейтін болсақ, гормондар синтезделеді
Құйрық майды көбірек жейтін болсақ, гормондар синтезделеді

Дәрігердің айтуынша, май асқазан, ішек жолдарының қызметін жақсартады. Өтті сұйылтып, оның жақсы бөлінуіне септігін тигізеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 жыл бұрын 6108
0 пікір
Блог туралы