Қазақстанды қандай болашақ күтіп тұр – діни ме әлде зайырлы ма?
Қазақстанды қандай болашақ күтіп тұр – діни ме әлде зайырлы ма?

camonitor.kz: «Діни әлде зайырлы Қазақстанның болашағы қандай болмақ?» деп сауал қояды басылым. Бұл сұраққа жауап алу үшін басылым тілшілері тәуелсіз зерттеуші, PhD әрі Ұлыбритания, Швеция және АҚШ елдерінің құқыққорғау және зерттеу ұйымдарының ғылыми жобаларына қатысушы Ғалым Жүсіпбекпен әңгімелескен. Мақсат елде бар үрдістерді байқай отырып, қандай болжам жасауға болатынын анықтау.  

Басылымның хабарлауынша, дінге бет бұрған халық саны осы деңгейде өсетін болса, онда алдағы уақытта Қазақстан діни мемлекетке айналуы мүмкін. Алайда, сарапшылардың басым көпшілігі мұндай сценарийдің болуы екіталай дегенді айтады. Тәуелсіз зерттеуші, PhD әрі Ұлыбритания, Швеция және АҚШ елдерінің құқыққорғау және зерттеу ұйымдарының ғылыми жобаларына қатысушы Ғалым Жүсіпбектің пікірінше, болашақта діннің саяси өмірдегі орны айтарлықтай болуы белгісіз.  

«Сонымен қатар шариғат талаптарының ресми құқыққа енуі күмәнді. Яғни, қоғамдық-саяси өмірде зайырлы мемлекет талаптары сақталатын болады. Алайда, 1990 жылдардың басында қайта жанданған дін мен ұлттық дәстүр қоғам өміріне және болашағына айтарлықтай әсер етеді, бірақ оның мәнін асыра мадақтаудың қажеті жоқ. Себебі, қазірдің өзінде кей адамдарға мұндай әрекеттің маңызы кетіп барады, яғни «түп тамырға оралу» дегенге қызығушылық танытатындар азайып барады», – дейді Ғалым Жүсіпбек.

inbusiness.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 ай бұрын 1445
0 пікір
Блог туралы