Қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына "БОЙКОТ" жариялаймын!
Қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына "БОЙКОТ" жариялаймын!

Ұлттың жаманы жоқ. Алайда, әрбір ұлттың өз ұстанымы, ділі мен діні, адет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Жүз жерден махаббат пен түсіністік болғанның өзінде ұлттық болмысы жағынан бір-бірінен ерекшеленіп, көзқарас екіге бөлінеді. Біреудің қателігін көріп, адам оны қайталамауға тырысуы тиic.

Бір бейтаныс қыздың әңгімесі әлі ойымнан кетер емес. Үлде мен бүлдеге оранып, ертегідегі ханшайымдай өмір сүремін деп ойлап, араб араб жігітіне тұрмысқа шығады. Сөйтіп онымен Біріккен Араб Әмірлігіне кете барады. Онда барғанда күйеуі қара хиджап кигізіп, үйде қамап ұстайды. Өзінен басқа тағы үш араб әйелі бар екен. Ол араб жігітіне тұрмысқа шыққанына қатты өкінеді. Мұнда неге келдім деп жылаумен күндері өтеді. Арманы көз алдынан бал-бұл ұшады. Қашудың амалын қарастырады. Балалы болады. Екі рет қашқанда күйеуі ұстап алып, құжаттарын тартып алып, елден шығармайтындай етеді, қара тізімге енгізеді.

Күйеуі басқа елге іссапарға кеткенін пайдаланып, үйде тығулы құжатты тауып алып, баласымен қашады. Қазақстанға баратын ақшасы болмағандықтан жол-жөнекей көлік тоқтатып, қайыр сұрап алға жылжып отырған. Елшіліктен көмек сұрап, елге оралған. Араб жігітіне тұрмысқа шыққанына өкінетінін қайта-қайта айтып, қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына кеңес бермейтінін, оған қарсы екенін білдірді. Танымы мен болмысы бөлек, көзқарастары әртүрлі болғандықтан әркім өз ұлтына үйленгені дұрыс екен дейді өмірден таяқ жеген құрбым.

Қыздар, құлақтарыңызға «алтын сырға», ешқашан, қандай жағдай болмасын өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуға қызықпаңыздар! Өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, шекесі қызып жүрген ілуде бір кездесер, яғни 10 қыздың біреуі ғана. Ал қалғаны туған-туысынан ажырап, тотықұстай торда өмір сүріп,ешқандай байлық та, бақыт та жоқ екенін біліп, өкініп жатқандары баршылық. Бейхабар кеткен қаншама қазақ қыздары да бар.

«Бақыт оңай сипатпайды бұрымын» деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, бақытты алыстан іздемей, жаныңыздан іздесеңіз табылады. Сондықтан пәтерден пәтердәі жағаласа да қазақтың жігітінің етегінен ұстаған дұрыс. Кейбір адамдар ішкіш, жалқау қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққанша, жағдайы жақсы өзге ұлтқа кеткен дұрыс деп ақыл айтады. Бізде бай болса болды, ұлтына қарамай кете бер деген қағида пайда бола бастады. Тұрмысқа шыққың келсе, шетелге барыңдар, ол жақта еркектер көп дейтін пікірлерді фейсбуктен оқып қалдым.

Бірде таксиге бірге мінген қыздың жанындағы жігіт түрік екен. Одан «бұған несіне қызықтың, қазақ жігіттері құрып қалды ма» деп сұрадым. Ол: «қазақтың жігіттері дөрекі, жалқау, түріктің жігіттері сияқты қызға қатты көңіл бөлмейді» деді. Міне, осылай бір кыз басқа ұлтқа тағы кетті. Ал олардың өз елдерінде әйелі мен бала-шағалары бар. Не дейміз, өзге ұлтқа тұрмысқа шығып қойғандарға бақыт тілейміз. Ал әлі тұрмыс құрмаған қыздарға өзге ұлт өкілдеріне құмар болмаңыздар дейміз. Қазақстанда қыздар көп, жігіттер аз дегенменен үйленетін жігіттер баршылық.

Қорыта айтқанда, қазақтың қаны бұзылмасын, қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне тұрмысқа шықсын!

Қарлығаш Нұрбай

 

 

Қарлығаш Нұрбай  

Facebook-тегі парақшасынан  

alashainasy.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
10 жыл бұрын 7737
5 пікір
  • Ақшолпан сіңілім бүгінгі қоғамның дертін дөп басып айтыпсың. Ақиқатына келсек, күн кешегі Айша бибінің ұлағатты жолын ұмытып, рухани дүниенің есігіне құлып салдық. Әрине барша қазақ қыздарына күйе жағып отырғаным жоқ. Дегенмен дүниені материалдық құндылықтар-ақша, ашқарақтық пен табыс жолындағы ойсыз бәсеке-билеп-төстеп алғанына көз жұма қарайтын болдық. Сондықтан да қазақ қыздары "Ел болам десең бесігіңді түзе" - деген қаиданы ұстанса нұр болар еді. Ақшолпан осындай тәрбиелік мәні бар дүниелерді көп жазғай. Қаламың мұқалмасын.
    10 жыл бұрын
  • Дәл осы ақылды жігіттерге айтса да жарасады. Өзімнің жиен ағам орыстан әйел алды, орыс дегенде де өзінен 12 жас үлкен бір қызы бар әйелді алды. Әпкем жалғыз ұлының бұл қылығына шыдамай іш-құса боп өмірден өтіп кетті.
    10 жыл бұрын
  • Өте орынды, қажетті мақала!
    Қазақ қыздары, біздің елде қыздардан көрі жігіттер аз деп уайымдап, қам жемейік! Әлеуметтік санақ бойынша, жүз жігітке шаққанда қыздардың саны 4-5 қызға ғана артық келеді! Бұл қатты қорқынышты көрініс емес!
    Аллаһ бұйырғаны болады ғой бәрібір! Бастысы, өзіміз елдігімізді, дінімізді сақтап қалуға тырысайық барынша!
    Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді! Ал сол бесіктегі бала тәрбиесі бесіктен басталмайды, бесікті тербеткен анадан басталады деген өте орынды сөзді де естіген едім жақында!
    Ал болашақ аналар-бүгінші жас қазақ қыздары ғой!
    10 жыл бұрын
  • Қоғам дертін жазған авторға Аллам Разы болсын!
    Қызды қырық үйден тыймай Қазақ қыздарын тәрбиелеу қиын болып барады Бауырлар, ойланайык!
    10 жыл бұрын
Блог туралы