Таиландта ақша мен дизайнерлік қағаздарды өз иесіне қайтарып берген үй-күйсіз қаңғыбас, оның өтеуіне жұмыс пен жаңа пәтерге ие болды.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Енді 44 жастағы Варалоп Бангкокте тұратын болды. Оның өз қалтасында небәрі бірнеше фунт стерлинг ғана болған.
Ал көше кезіп жүрген кезде 440 фунт стерлинг пен несие картасы салынған әмиян тауып алады.
Заттарды тауып алған соң ол жергілікті полиция мекемесіне барып, тапсырып кетеді. Оның осы бір адами әрекеті ескерусіз қалмады. Әмиянның иесі ақша толы әмиянды сол күйінде оған қайтарып береді. Сонымен қатар, жоғалған ақшаның иесі Бангкоктегі зауыттың қожайыны екен. Осылайша ол үй-күйсіз Варалопқа жұмыс та ұсынады.
“Маған полиция хабарласып, әмияным табылды дегенде таңқалдым. Бір қызығы ақша мен карталар бәрі түп-түгел орнында тұр. Ал тауып алған адам өзінде онша ақша жоқ екеніне қарамастан, менің әмиянымнан бір тиын да алмаған. Бұл Варалоптың әділ, жақсы, адамгершілігі мол адам екенін көрсетеді”, – дейді Нитти.
Варалоптың жаңа жұмысы оның пәтер жалдап тұруына да молынан мүмкіндік береді.
Источник: Stan.kz