«Памперс» бедеулік пен белсіздікке ұшыратады
«Памперс» бедеулік пен белсіздікке ұшыратады

Бір реттік жөргек – жас ана үшін таптырмайтын көмекші. Алайда, оны шамадан тыс пайдалану бала денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуі ықтимал. Дәрігерлер «памперсті» жиі қолдану орны толмас өкінішке әкеп соқтыратынын айтып, тағы да дабыл қақты.

Ең сорақысы, бір реттік жөргектің бала денсаулығына келтірер зияны бірден байқалмайды. Мамандар мұндай жаялықтар ұлдардың белсіздікке, қыздардың бедеулікке шалдығуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін екендігін айтады.

«Өз басым бір реттік жөргек дегенге қарсымын. Біз балаларымызды бесікке бөлеп-ақ өсірдік. Ол кезде жаялық та тапшы болатын. Бесікте жатқан бала таза болады. Ол сабырлылыққа тәрбиелейді. Қазір келіндеріме немере-шөберелерімді де бесікке бөлетемін», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны, «Күміс алқа» иегері Сапура Тәшенова.

Бір реттік жөргек жас баланың денесінің төрттен бірін жауып тұрады. Сондықтан, шарананың терісіне ауа тимейді. Бұл сәбидің нәзік денесін түрлі тері ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

«Бала дәретке отырғаннан кейін жөргектің құрамындағы заттар реакцияға түсіп, өзгеріске ұшырайды. Біраз уақыттан соң, ішіндегі сұйықтық салқындап, баланың несеп-жыныс мүшелеріне суық тиюі мүмкін. Бір реттік жөргек мұнайдан алынатын заттардан өндіріледі. Бала терісіне жайлы болуы үшін бірнеше рет химиялық өңдеуден өтеді. Иістендіргіштер қосылады. Бір реттік жөргек шіріп, ыдырауы үшін 200 жыл уақыт керек екен. Дәрігер ретінде аналарға мұндай жаялықты барынша аз қолдануға кеңес беремін. Алайда, бұл нұсқауды барлығы бірдей орындай бермейді», – дейді Петропавл қалалық 3-ші емхана дәрігері Мәриямгүл Сариева.

«Жас сәбидің күтімін бір реттік жөргексіз елестете алмайтынмын. Кішкентай қызыма оны күндіз-түні кигіздім. Содан бала қынабы қабынып, ауруға шалдықты. Алматыға барып емделуге тура келді» – дейді жас ана Елена Михайлова.

Жөргек орта есеппен әр үш сағат сайын ауыстырылуы шарт. Оның ең арзанының бір данасы 100 теңге болса, отбасылық бюджетке келтіретін шығынды есептеу қиын емес.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Baq.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 4033
1 пікір
  • Ақирет түгіл ертеңгі күнімізді де ойламайтын әдетіміз бар. Тіпті "мынау – дұрыс, мынау – бұрыс" деген сөзге қасарысып, өз дегенімізді істейміз. Арты жақсы болмаса, өкінгенмен уақыт қайтып оралмайды. Баланың қамын ойласақ, орынды сөзге құлақ асайық.
    8 жыл бұрын
Блог туралы