ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛАТЫН НЕМЕСЕ БОЛМАЙТЫН СЫРҚАТТАРДЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?
ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛАТЫН НЕМЕСЕ БОЛМАЙТЫН СЫРҚАТТАРДЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Ислам діні адамдарға қиындық емес, жеңілдікті қалайды әрі адамға көтере алмайтын міндет жүктемейді. Сондықтан ораза ұстауды парыз еткенімен, кей жағдайларда ораза ұстамауға рұқсат береді. Сол рұқсаттардың бірі адамның ауру-сырқауға ұшырауы. Құранда бұған қатысты: «Сендерден кім разаман айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырып, ораза ұстасын» («Бақара» сүресі, 184) делінген. Бірақ аят-хадистерде қандай аурулар екені айтылмаған. Дәрігерлер мынадай ауру түрлерін атап көрсетеді: жүректің қатты ауруы, түберкүлез, өкпе қабынуы, қатерлі ісік, бүйректің қабынуының асқынған түрі, қант диабеті, т.б. Ауру-сырқау емделуді қажет ететіндей ауыр және жеңіл болуы мүмкін. Сондықтан да ешбір адамның өздігінен «мен ораза ұстасам денсаулығым қиындап кетер» деп парыз оразаны ұстамауға ақысы жоқ. Ислам шариғатында оны анықтау ісі сенімді дәрігердің шешіміне қалдырылады.

http://kazislam.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 4128
0 пікір
Блог туралы