massaget.kz: Құмырсқа туралы қызықты деректер
massaget.kz: Құмырсқа туралы қызықты деректер

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.

Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. 

Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен.

Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей. 

Мұртты құмырсқа деген түрі – аса улы жәндік. Ол тіпті, жыланнан да, шаяннан да, құрттан да қауіпті. Ол Африка жерінде кездеседі. Бұл жәндік жолында кездескен тірі жанның бәрін бірден жайпап тастайды. Тіршілік үшін осылай күресетін ірі құмырсқаның аталығы – 3 см, аналығы – 5 см. 

Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуыз бен майға толы.

Бір қызығы, дернәсілден аналық құмырсқа шыға ма, аталық құмырсқа шыға ма, ол қалай баптап, күтім көрсеткеніне байланысты. Жұмысшы құмырсқалар тұқымды қаншалықты қоректендіретінін өзі біледі. 

Әр тұқымға жататын құмырсқалар бір-бірімен байланысы әртүрлі. Мысалы аналық құмырсқалар өз ұясына қамқор болып, өздігімен тамақтана алмайды. Есесіне өзгелердің ұясына шабуыл жасап, дернәсілдерін ұрлайды.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып, азық табуды үйретеді. Басқаны үйрету үшін өзі жүргеннен төрт есе баяу жүреді. Олар бір-біріне жалғанып, басқалар өтуі үшін көпір жасай алады. 

Құмырсқалар отарын құратын аналығы негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді. Өмірі 20 жылға жететіндері де бар. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/39047/

Құмырсқа мен адамзаттың қайсысы ауыр?

Жүрмейтін жері жоқ құмырсқалардың Жер шарында тіршілік еткеніне кем дегенде 100 миллион жыл болған, дейді ғалымдар. Адамды тіпті қайран қалдыратыны, құмырсқалардың салмағы Жер шарындағы барлық организмдердің жалпы салмағының тең жартысын иелейді екен. Ал, ақ құмырсқалар олардың 7/10 бөлігін иелейді. Деректерге негізделсек олардың жалпы салмағы бүкіл дүние жүзіндегі адамзаттың дене салмағының жалпы жиынтығынан да көп екен. Жер шарында байқалған құмырсқалардың түрі 10 мыңға жуық. Алайда, тіршілік етіп жатқан құмырсқалардың түрі бұдан екі есе көп болуы мүмкін деді зерттеушілер.

Құмырсқа – миы ең үлкен жәндіктердің бірі болып есептелінеді. 250 мың ми жасушасы бар. Ең ұзақ жасайтын құмырысқа – ағаш құмырсқасы, ол әдетте 20 жыл өмір сүреді екен. Құмырсқа жәндіктер әлеміндегі ең күштісі. Ол өз денесінен 20 есе ауыр затты алып кете алады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/23280/

Құмырсқа - жер бетіндегі ең ежелгі жәндік

Сіз білесіз бе? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты.

Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жас жасағанмен, анатомиялық өзгерістердің ауылынан қашық болып,  "баяғы жартас - сол жартас" дегендей, жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың қаншама ғасырдың ширегінде өзгермей келуі - физикалық және қоғамдық жаңданудың әсерінен. Демек, құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді. Бұл тұрығыдан алғанда, құмырсқаларда да қоғамдық өмір барын ескерсек, онда Номо sapiens-пен бірдей үлгі бола алады.

Құмырсқалардың ұясында бәрі өз орнымен, белгілі бір дәрежелермен яки жүйелермен іске асады: біреулері сауда-саттық қатынасын реттеп, күн тәртібіне қойып жатса, енді екіншілері қорғау қызметінің барысымен күзетте тұрады; ал үшіншілеріне ұрпақ жалғастыру мен аналық құмырсқаларға күтіммен қарау міндеттелген; ал, тіпті, кейбірі "мал шаруашылығымен" тұрақты айналысады; "сауын сиыр" есебінде шіркейлер (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік) пайдаланылып, олардан балшырын алынады (кейде өздері де азық орнына жұмсалады). Өзінің жұмыстарына немкетті қарайтын құмырсқалар ішінде жазалылар болса, олар ағайын-тумаластарының "табалауына" ұшырайды. 

Құмырсқа-зейнеткерлер мен жарым-жанды сырқаттары өмір бойына жақсы өмір сүріп өтеді...

Бір қызығы, біз ойлағандай құмырсқалардың барлығы еңбекқор болып шықпады. Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы "қара жұмысшылар" тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал  ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, " қара жұмысшылардың" қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Осы бір ерігіп жүрген құмырсқалардың  қылықтарын ғалымдар әзірге түсіндіре алмай отыр.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1648/

Панда-құмырсқа туралы не білесіз?

Алғаш көзге түскенде пандаға ұқсайтын ерекше күлтелі құмырсқа деп ойлайсың. Бірақ ол құмырсқа емес, ара тектілердің "Mutillidae" тобына жататын қарапайым араның бір түрі. Оларды "Euspinolia militaris" деп атайды. Араның ерекше түрі Латын Америкасы елдерінде, нақтылай кетсек, Чилиде тіршілік етеді.

Қанаты жоқ, құмырсқаға түр-келбеті келгеннен және денесі үлпілдек ақпен жабылғандықтан, оларды кейде барқыт құмырсқалар деп те атайды. Бір қызығы панда-құмырсқа ешқашан өзіне ін салмайды екен. Олар өзге ара текті жәндіктердің індеріне шығып алып, өз жұмыртқаларын көкек құс секілді қалдырып кетеді.

Жәндіктің бұл түрі өте сирек кездескендіктен, биологтар олардың тіршілігі туралы мол ақпаратқа ие емес. Олардың салыстырмалы үлкендеу ақ түкті басы және денесінде панда сияқты ақ және қара сызықтары бар. Сол себепті оларды панда-құмырсқа деп атайды. Сонымен қатар, Euspinolia militaris тұқымы өте қауіпті. Ол да өзге аралар секілді шағу арқылы қорғанады. Шаққан кезде, тіпті, адамдарға да қатты әсер етуі мүмкін. Иммунитеті төмен адамдарды есінен тандыратындай күшке ие.

Панда-құмырсқа туралы не білесіз?

 Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.britannica.com

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/18674/

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 жыл бұрын 4745
0 пікір
Блог туралы