МАНДАРИН ҚАБЫҒЫНЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН 7 ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТІ
МАНДАРИН ҚАБЫҒЫНЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН 7 ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТІ

Мандарин жемісінің жұпары барлығымызға жақсы таныс. Ал дәмі тіпті тіл үйіреді. Сондықтан жаңа жылдық дастарханда бала кезімізден осы мандариннің тұратыны дәстүрге айналғандай. Жемістің испан тілінен аударғанда mandarino , яғни se mondar  («оңай аршылу») атауы  оның қабығына байланысты қойылған екен.  Алайда тәтті жеміс қабығының пайдалы екендігін көбіміз біле бермейміз. Сондықтан  төмендегі ақпарат оқырмандарға қызық болады деген ойдамыз.

1.Асқорыту жүйесінің бұзылуы мен дисбактериозда. Мандарин қабығын кептіріп, үгіту қажет. Содан соң ұнтақтың 1 шай қасығын  шайға немесе кез-келген тағамдарға дәмдеуіш ретінде қосуға болады. Бұл қоспа іштің кебуі мен асқазан жолдарының ауруларында ем. Ал егер сары ұнтақты кофеге қоссаңыз, дәмі мен иісі көңіліңізден шығары даусыз.

2.Тыныс алу жолдарының ауруларында.  Кептірілген қабықтың 2 ас қасығына 1,5 шыны қайнаған ыстық су құйып, 5 минут қыздырыңыз. Содан соң 1 сағат тұндырып қойыңыз. Мандарин дәрісін 0,5 ст күніне үш рет қыздырып, тамақ ішпестен жарты сағат  бұрын қабылдаңыз. Асқазаныңыздың жағдайы  едәуір жақсарады.

3.Суық тигенде.  Бір уыс қабыққа ыстық қайнатылған суды құйып, буымен 10 минут бойы тыныстаңыз.Құрамында фитонцидтері бар мандарин қабығының буы инфекцияның көзін оңай жояды.

4.Табанның жарылуы мен жарасында. Табан мен башпай арасын мандарин қабығымен күніне екі рет жағып  отырсаңыз, табан зеңінен оңай арыласыз.

5.Қатты шаршағанда және ұйқысыздықта.  Жастығыңыздың қасына мандариннің арщылған қабығын ұйықтар алдында 15 минутқа қойып қойыңыз. Бұл әдіс бас ауруын жазып, ұйқысыздықтан арылтады.

6.Жоғары қан қысымы мен аритмияда. 1шыны қабыққа 3 литр су құйыңыз.Тұнбаны әбден қайнатып, ұйықтар алдынан бір сағат бұрын ванна қабылдаңыз. Нәтижесін бірден байқайтын боласыз.

kazgazeta.kz

Үміт Жұмаділова

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 5005
0 пікір
Блог туралы