Лайфхак: Google-де мәліметті қалай іздеген оңайырақ?
Лайфхак: Google-де мәліметті қалай іздеген оңайырақ?

Ізде де керегіңді тез тап! Бұл туралы bugin.kz порталы жазды.

Бұл әдістерді адамдардың 96%-ы қолданбайды. Алайда, олардың іздеу барысында пайдалы екенін естеріңізге саламын. Google-де мәліметті қалай іздеген дұрыс?

1. Нақты сөз тіркесі немесе сөзді қалай табуға болады?

" " Осы оператордың көмегімен кез келген сөзді іздеуге болады. Осы тырнақшаның ішіне өзіңіздің іздегіңіз келетін сөзді жазып, іздеу батырмасын басасыз. Google сізге ізделген сөз немесе сөз тіркесі бар беттерді тауып береді.

Мысалы: "керек ауа", "Мен қазақпын"

2. Бүкіл сөзін түгел білмейтін нақыл сөздерді қалай табуға болады?

Нақыл сөздің толық нұсқасын білмейсіз бе? Олай болса сол нақыл сөзді тырнақшаға алыңыз, содан кейін ұмытып қалған сөзіңіздің орнына жұлдызшы қойыңыз. Сонда нақыл сөздің толық нұсқасы пайда болады.

Мысалы: "адамның адамшылығы *"

3. Белгілі бір сайттан ғана қалай іздеуге болады?

Бұл операцияны жүзеге асыру үшін site сөзі қажет. Ол сізге қажетті сайттың ғана ақпаратын тауып бере алады. Міндетті түрде одан кейін қос нүкте қойыңыз.

Мысалы: [ҚР конституциясы site:bugin.kz]

4. Белгілі бір типтегі ғана документті қалай іздеуге болады?

Ол үшін mime сөзін пайдаланамыз. Іздеу жүйесіне mime, қос нүкте, содан кейін сізге қажетті документтің типін жазамыз. (pdf, doc деген секілді)

Мысалы: [паспортқа өтініш жазу mime:pdf]

5. Ақшаның курсы

Ақшаның курсын көру үшін, google-де жай ғана іздеуіңіз керек.

Мысалы: 1 доллар в тенге

6. Кері сілтеме

Google-де «links: қажетті сайттың атын» жазып іздесеңіз, сол сайтқа жасалған сілтелермен таныс бола аласыз.

Мысалы: links:bugin.kz

7. Қаладағы ауа райы

Іздеу жүйесіне «weather», содан кейін «қаланы» жазасыз. Сонда сіз алдағы бірнеше күнге, тіпті бір аптаға арналған қаладағы ауа райын біле аласыз.

Мысалы: weather Ақтау

Мамандар сіздің Google-де іздейдегі жұмысыңызды жеңілдетіп қойған. Оны жай ғана пайдалану керек.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 жыл бұрын 2245
0 пікір
Блог туралы