Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады?
Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады?

Қазір коронавируспен ауырған адамдардың дені үйде емделіп жатыр. Әрине, олар (80%-ға дейін) жеңіл түрде ауырып жатқандықтан, оларды жұқпалы аурулар стационарына жатқызу талап етілмейтіні және үй жағдайында емделуге болатыны – жақсы жаңалық.  

Дегенмен, науқас жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін COVID-19 көңіл бөлуді қажет ететін ережелер бар.

Коронавирустан үйде қалай емделуге болады? ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева мынандай ұсынымдар береді:

-Егер сізде коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалса, бірден қорқынышқа бой алдырмаңыз. Үйде қалып, басшыңызға хабарлаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз, тұрғылықты мекенжайыңыздағы емхана немесе 1406 нөміріне Call-орталыққа хабарласыңыз. Сонымен қатар учаскелік дәрігерге өзіңіздегі коронавирус инфекциясының симптомдары туралы айтыңыз.

-Аурудың ең жиі байқалатын белгілері: жалпы әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, иісті, дәмді сезбеу, дене қызуының 38-39 градусқа дейін және одан да жоғары, қалтырап көтерілуі, бастың қатты ауыруы, бұлшық еттің ауыруы.

Кейде ауру ас қорытудың бұзылуымен – құсып, іштің өтуімен де жалғасады. Кейде 4-8 күндерде кеуде қуысы ауырып, демікпеге ұласады. Тыныс алу қиындайды. Мұндай кезде учаскелік дәрігерді шақырып, жедел жәрдем қызметіне хабарласқан жөн.

- Вирустың симптомдары үйреншікті суық тиюге немесе тұмауға қарағанда, айтарлықтай ұзақ (аурудың жеңіл түрде өтуі кезінде 10-14 күннен бастап күрделі жағдай кезіндегі бірнеше аптаға дейін) болады. ЖРВИ, тұмау кезінде ауру 5-7 күнге дейін орташа деңгейде өтеді.

- Коронавирус инфекциясына күдігіңізді растау үшін учаскелік дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер симптомдарды айқындап, сілемейлі қабықшада вирус бөлшектерін ПТР әдісімен анықтау үшін мұрыннан және аңқадан алынған жағындыны COVID-19-ға тексеруге жібереді.

- Оқшаулау орнын дәрігер белгілейді. Емхана дәрігері клиникалық картинаның негізінде шешім қабылдайды — егер сіздің хал- жағдайыңыз субъективті түрде нашарлай бастаса, ауыр дем алсаңыз, кеуде тұсыңыз ауырса, төсектен тұра алмасаңыз және әлсірей бастасаңыз, онда сіздің ауруханада емделгеніңіз дұрыс.

- Амбулаториялық жағдайда коронавирус инфекциясы тек қана қолдаушы терапияны талап етеді. Бұл вирустың өзіне әсер ете алатыны дәлелденген медикаменттер әзірше жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан, COVID-19 кезінде ең маңыздысы – организмге аурумен өздігімен төтеп беруге көмектесу.

Сұйықтықтарды – суды, шәйді, морсты көп мөлшерде ішу, жоғары (38,5 ℃-тан жоғары) температураны түсіру, жеке бөлмеде оқшаулану керек.

Дәрігермен келіскен жағдайда мына дәрілерді қабылдауға болады:

1. Парацетамол, аспирин, нимесулид табл.- температураны түсіру үшін;
2. Ингавирин 90 мг күніне 1 капсула – 5 күн немесе
3. Тамифлю 75 мг-нан күніне 2 рет, 5 күн;
4. АЦЦ 600мг-нан күніне 2 рет, 5 күн;
5. Тамақты фурацилин ерітіндісімен күніне 4-5 рет шаю.

- Егер сізде қатар жүретін созылмалы аурулар болса, базисті терапияны жалғастырыңыз.

- Коронавирус инфекциясының симптомдары басқа ЖРВИ кезіндегідей емес, 2 есе созылуы мүмкін. Пациенттер тағамның иісін және дәмін сезбеген кезде, қуат алу үшін тамақ жеуге өзіңді көндіру қаншалықты қиын екенін айтады.

Нәтижесінде жағдайы нашарлаған кезде олар сусызданған және әлсіреген күйде ауруханаға түскен. Сондықтан үйде дұрыс тамақтану керек, негізінен, ботқа, қышқыл сүт өнімдері, балық, жеміс-жидек және көкөніс сияқты жеңіл қорытылатын калориялы тағам жеу қажет. Дене белсенділігін шектеу керек, жақсылап ұйқыны қандырудың да маңызы зор.

- Егер сіз ауыр дем алсаңыз, онда ішіңізбен жатқаныңыз абзал. Іш қуысындағылардың диафрагманы қыспауы және өкпенің ауамен, қанмен қанығуына кедергі келтірмеуі үшін кеуде қуысыңызға және жамбасыңызға жастықша төсеңіз. Бұл тыныс алуды жеңілдетіп, кеуде қуысыңыздың ауыруын аздап басады.

- Егер сіз үйде емделсеңіз, өзіңіз тіркелген мекенжайдағы аумақтық емхананың бақылауында боласыз. Сізбен учаскелік дәрігер немесе мейіргер хабарласады. Олар халіңізді бақылайды, температураңызды тексереді, жалпы көңіл-күйіңізді қадағалап, ұсынымдар береді.

- Егер демікпеден әдеттегі үй жұмысын атқару (мысалы, тамақ дайындау), сөйлеу қиындық келтірсе және қарапайым гигиеналық процедураларды жасай алмасаңыз, тез арада емдеуші дәрігерге хабарласу керек немесе медициналық жедел жәрдемді шақырыңыз.

Сұйықтық көп ішіп, уақытымен тамақтануды ұмытпаңыз. Күніне екі рет дене қызуын, пульс, тыныс алу жиілігін, артериалды қысымды және зәр бөлу жиілігін тексеріңіз. Емхана дәрігерімен үнемі хабарласып тұрыңыз. Хал-жағдайыңыз нашарлаған кезде және демікпе симптомдары артса және тыныс алу қиындаса – стационарға жату үшін жедел жәрдем шақыру керек.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 жыл бұрын 2447
0 пікір
Блог туралы