Жүктілік кезіндегі қыжылдау әрбір әйелге белгілі. Кейде осы ауру болашақ ананың бүкіл жүктілік кезеңінде болады. Неге бұлай болады?
Тамақтың қыжылдауы, ауыздағы қышқыл және жағымсыз дәм – бұның барлығы қыжылдаудың белгілері. Ол, әдетте, тамақтанып болған соң немесе жатқан кезде болады, жүкітіліктің екінші жартысында басталып, бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін.
Жүктілік кезіндегі қыжылдың негізгі себебі, ағзадағы гормоналды өзгерістер болып табылады. Жүктілік кезіндегі қыжылдауда әйел түні бойы ұйықтай алмайды. Ағзадағы гормондардың әсерінен асқазан сөлінің қышқылдығы артады, осылайша қыжылдау пайда болады.
Жүктілік кезіндегі қыжылдауды тудыратын факторлар:
Қыжылдау жиі асқазан қысымынан туындайды, сондықтан ішті қысатын киімдерді кимегеніңіз абзал;
Тамақтанғаннан соң кем дегенде 30-40 минут жатпауға тырысыңыз;
Кофе, дәмді және маринадталған, қышқыл және газдалған сусындардан бас тартыңыз.
Қыжылдау сізді көп мазаласа және одан құтылу мүмкін емес болса, онда сіз қышқыл көкөністер мен жемістерден бас тартыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір өнімге ағзаңыздың реакциясын бақылап көріңіз. Кейде қыжылдау майлы ет және балық, жұмыртқа, жаңа піскен нан немесе кез-келген ашытқы өнімдерінің салдарынан болуы мүмкін. Ал барлықтарыңызға жалпы ұсыныс: жатар кезде тамақтанбауға тырысыңыздар, өйткені , түнде адам қимылдамайтындықтан ас қорыту ауырға соғады.
Егер, қыжылдау сізді қатты қинап жіберіп, дәрі-дәрімектің көмегіне жүгінер болсаңыз, онда міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Бірақ, алдымен, сізге жүктілік кезіндегі қыжылдауды болдырмау үшін арнайы диета ұсынамыз:
Шағын түрде тамақтаныңыз, күніне 5-7 рет;
Күні бойы аз мөлшерде сүт шуіңізге болады;
Жүкті әйелдерге күні бойы үгітілген сәбіз, бадам, сұлы шайнап жүруге болады, сонда қыжылдан құтылғаныңызды байқайсыз;
Зімбір де көмектесе алады. Кішігірім кесектерін шайнап жүруге болады.
Және еңбастысы: кем стресс және шиеленіс, көбірек босаңсып, позитив және демалыс.