«ЖАСЫРЫН ҚҰЛДЫҚ» ПРИНЦИПТЕРІ
«ЖАСЫРЫН ҚҰЛДЫҚ» ПРИНЦИПТЕРІ

1) Ең бірінші - құлдарды экономикалық тұрғыда тұрақты түрде бейнеттенуге мәжбүрлеу. Қазіргі құл соңғы демі шыққанша жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені, оның бір айда тапқан еңбекақысы тек 1 айлық пәтерақысына және 1 айлық азық-түлік пен жолақыға ғана жетеді.
Сондай-ақ, құл зейнеткер де солай. Алған зейнетақысы коммуналдық қызмет пен дәрі-дәрмегіне және тамағына әрең жетеді. Сол себепті.., құл-зейнеткер бір жерде жығылып, өліп қалғанға дейін қосалқы жұмыс істеуге мәжбүр...

2) Жасырын құлдықтың екінші механизмі - құлдарды ұдайы "заманауи жаңа жетістіктерге" тәуелді етіп қою. Сондай жаңа заманның тауарын алу үшін бас алмай жұмыс істейтін хәлге жеткізу.
Ол үшін заманауи "аса қажет заттарды" дүкендердің ең көрнекі жерлеріне орналастырып, оны тоқтаусыз жарнамалау.

3) Қазіргі құлдарды экономикалық тәуелді етіп, бас алмай жұмыс істетудің үшінші жасырын механизмі - несие алуға итермелеу.
Шағын құралдан бастап, жылжитын-жылжымайтын мүлікті несиеге беру арқылы құлдарды айналасына бас бұрғызбай.., жұмыс істету.

4) Төртінші механизм - құлдарды көрінбейтін құлиеленуші қожайындарға жұмыс істеуге жегіп қою. Ол үшін - олардың санасына «Мемлекетке жұмыс істеп жүрмін» деген жасанды сенімді тереңірек орнықтыру.
Бұл жерде «мемлекет» деген атау (ұғым) барлық жерде толассыз қолданылып (тіпті, наразылық хәлінде де!), құлдар ешқашан да «Біз неге тоқтаусыз жұмыс істесек те, байымаймыз?!.», «Біз неге мемлекет тапқан пайдадан үлес алмаймыз?!.», «Салығымыз қайда кетіп жатыр?» дейтін сұрақ қоя алмайтын болуы керек...

5) Құйтырқы механизмнің бесінші түрі - қолдан жасалған инфляция. Құлдың еңбекақысын көтерместен.., ең қажетті және ұдайы тұтынатын тауарларды сатылап қымбаттатып отыру. Мұндай жағдайда құл кедейленген үстіне кедейленіп, жұмыстан бас алмайтын болады.

6) Алтыншы механизм - құлға артық ақша жидыртпай, көп жағдайда тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеу.., оның өзге қалаға немесе өзге мемлекетке көшіп кетпеуін қамтамасыз ету.
Бұл механизмнің принципі: құл белгілі бір қаладағы кәсіпорында жұмыс істей жүріп үнемі "жақсы күнге жетемін" деп үміттенуі керек және басқа жаққа кетіп қалуға қаржылай мүмкіндігі шектеулі болуы тиіс.

7) Жетінші механизм - тегін жұмыс істеп жүрген құлдан еңбегінің хақысын (құнын) жасыру, сатып алған тауарының нақты бағасын білдіртпеу, өзі өндірген не атқарған ісінің де бағасын білмеуі тиіс. Және де, оның еңбекақысының қандай бөлігі құлиеленуші қожайынның қалтасына түсіп жатқандығы жөніндегі ақпараттан бейхабар ету.

8} Сегізінші - құлдар өз үлесі мен нақты еңбекақысын, мемлекет меншігіндегі ортақ қазынадан түсер үлесті.., сондай-ақ, әкелері мен аталарының, бабаларының хақысын сұрап, қазбаламас үшін - бұл тақырыпты жылы жауып.., есесіне, ұлт, руханият, тарих, дін, т.б. мәселелер жөнінде қоғамдық пікірталас пен белгілі өнер адамдарының өмірін сөз еткізіп қойып, ойын-сауықты көбейту керек.

9) Құлдар өзгеше өмір сүруге болатынын сезінбес үшін, оларды халқы тығыз орналасқан қалалар мен елді мекендерге қуып тығып.., ешқашан жеке үйде (жер үйлерде) тұрмауын жіті назарда ұстау.
Олардың санасына әсіре-бәсекелестік дәнін сеуіп, үнемі жақсы өмірге қол жеткізудің аз-ақ алдында тұрғандай сезінтіп, санасына (мол ақша, шопинг, мода, жаңа көлік, айфон, айпад) жасанды құндылықтар туралы ақпаратты молынан құю керек. Ұдайы ақиқаттан алыстағанын қадағалап отыру ләзім...

~~~ ⊙ ~~~

Бұл зерттеу мәлімет - әлемдік масон билігін зерттеуші америкалық журналистің орыс тіліне аударылған мақаласынан алынды.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 жыл бұрын 4249
0 пікір
Блог туралы