Грузиялық топ Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шықты (видео)
Грузиялық топ Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шықты (видео)

Грузиялық Geo Folk Tour тобы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шыққан.

Видеоның түсініктемесінде ән грузиялық тбилиси лирикалық баллада жанрында орындалған деп жазылған.

“Біздің Қазақстандағы достарымызға арналады. Ән ескі Тбилиси лирикалық баллада жанрында орындалып шықты” деп жазылған.

Әншілер әннің түпнұсқасындағы әуенді айнытпай айтпаған. Керісінше олар қазақ әнін грузиялық мәнерде айтып шығуға көңіл бөлген сияқты.

Geo Folk Tour – музыкалық және туристік жоба. Олар түрлі кештерде ән айтып, Грузия бойынша керемет туристік жобалар ұйымдастырумен айналысады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3548
0 пікір
Блог туралы