Ғалымдар қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін жеміс-жидектерді атады
Ғалымдар қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін жеміс-жидектерді атады

АҚШ ғалымдары қатерлі ісіктің алдын алуға септігін тигізетін жеміс-жидектерді атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Nature журналына сілтеме жасап РИА Новости жазады. 

Уорик университетінің ғалымдары ішек-қарын жолының көптеген ауруын, соның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға және емдеуге көмектесуі мүмкін қабыну және жасушаішілік процестердің арасындағы бұрын белгісіз болған байланысты анықтаған. Зерттеу нәтижесі Nature журналында жарияланды.

Олар аутофагия жасушаішілік механизмі өзінің зиянды және зақымданған элементтер жасушаларын жұтып қою жүйесі бұзылған кезде қабынуға соқтыратынын дәлелдеді. Ғалымдар бұл жаңалық тік ішек пен ішек-қарын жолы (Крон аурулары) ауруларын емдеуге жол ашуы мүмкін деген тұжырымға келген.

Кейбір азық-түліктер аутофагия процесінің жұмысына оң ықпал етіп, қабыну процестері мен ішек-қарын жолы ауруларының алдын алуға көмектесетін көрінеді. Ондай жемістерге анар, жүзімнің қызыл сұрыпы, алмұрт, саңырауқұлақ, жасымық, соя және жасыл бұршақтар жатады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3038
0 пікір
Блог туралы