Канадалық Ватерло университетінің ғалымдары әйелдердің денесі ерлердің денесіне қарағанда оттегіні көбірек сіңіретінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеушілердің айтуынша, мұндай қабілет организмдегі жасушалардың жүктемесін азайтып, аэробты жүктемелерге икемділіктің маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл туралы мақала Applied Physiology, Nutrition and Metabolism ғылыми журналында жарияланды.
Зерттеушілер анықтағандай, әйелдердің денесі ерлерге қарағанда оттегіні шамамен 30%-ға көбірек сіңіреді.
Мұндай тәжірибе жүгіру жолағында жүргізілген. Оған бір салмақтағы және жас шамасы бірдей әйелдер мен ерлер қатыстырылған.
«Біз әйелдердің бұлшықеттері қан құрамынан оттегіні тезірек сіңіріп алатынын байқадық. Ғылыми тұрғыдан бұл аэробты жүйенің жақсы деңгейде екенін көрсетеді», - дейді профессор Ричард Хьюсон.
Оның айтуынша, әйелдердің ағзасы бұлшықеттердің шаршауына ықпал ететін малекулаларды аз жинайды.
Ғалым Томас Белтраме болса осы зерттеулердің нәтижесі ерлердің денесі әйелдерге қарағанда табиғатынан шымыр болатынына күмән туғызатынын атап өтті.