ЕТ СҮРЛЕУДІҢ ӘДІСІ
ЕТ СҮРЛЕУДІҢ ӘДІСІ

Сүрлеу – өнімдерді (ет, балық, жеміс) жылу арқылы өңдеу әдісі. Сүрлеу арқасында өнім спецификалық иіске бөленіп консервіленеді. Сүрленген өнімдер түтіннің бактериостатикалық заттарын сіңіріп, жартылай құрғап, соның арқасында көп уақытқа дейін сақталып тұрады.

Сүрлеудің екі негізгі әдісі бар: суық және ыстық. Кейде тағамдарды металлдан жасалған жылжымалы сүрлеу құралы көмегімен жылдамдатылған әдіспен сүрлейді, алайда мұндай жағдайда өнім пісіріліп-сүрленген болып шығады. Сонымен қатар, сүрленген өнімдерді арнайы концентратты қандыағаш түтінімен өңдеу жолы арқылы да жасауға болады.

Ыстық әдіс (43-45 °С) майлы емес өнімдерді сүрлеген кезде, ал суық (19-25 °С) әдіс майлы өнімдерді сүрлеу үшін қолданылады.

Сүрлеу сапасы ағаш жанғанда бөлінетін түтінге байланысты. Әсіресе, ағаштардың қатты түрлерін пайдаланған жөн. Ағаштың құрғақ емес, дымқыл болғаны жақсы, алайда ылғалды болмауы керек. Ең жақсысы – жапырақты ағаш түрлері: емен, қандыағаш, қартайған алма ағашы, т.б. Ең жаманы – қайың, алайда қайыңды отын ретінде пайдаланар болсаңыз, оны алдын-ала қабығынан тазарту керек. Арша бұтақтары мен шие жапырақтарын жандырған кезде, сүрленетін өнімдер жағымды иіс пен дәмге ие болады.  Ал, қылқан жапырақты ағаш түрлерін қолданғанда бөлінетін түтін өнімді ластап,  оған жағымсыз иіс пен қышқылдау дәм береді.

Ең жақсысы – оттегінің жеткілікті дәрежеде болып, ағаштың толық жанбауы нәтижесінде алынған ашық түтін. Ағаш отын отқа жалмап тұру керек, алайда отқа қатты оранбау керек. Ол үшін пешке жұқа шіркелер мен ағаш үгінділері салынады. Егер өнім от арасынан анық көрініп тұрса, онда түтін керекті деңгейде деген сөз.

Сүрлеуге арналған ағашты жоңқа, үгінді, тамызық, жұқа шыбық түрінде қолданады, олар көп түтін шығарып жану керек. Ылғалды және бұлтты күндері ғана жалынның аз болуы мүмкін.

Бактерицидтік әсер ету және сүрлеу заттарын сіңіру ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Температура неғұрлым жоғары, ал ылғалдылық төмен болса, соғұрлым сүрлеу заттары жылдам сіңеді.

Сүрленген өнім бетінің түсі қара май заттарына байланысты, сонымен қатар ағаш түрі де үлкен әсер етеді. Қызыл ағаш сүрленетін өнімдерге алтын рең, емен мен қандыағаш – сарыдан қоңырға дейін, жөке мен үйеңкі, тағы басқа жапырақты ағаштар алтын сары түс береді.

Сүрлеуден кейін дайын өнімдерді суытып, 10-12 С температура жағдайында 10 тәулік бойы іліп қойып кептіреді. Бұл олардың ылғалдылығын төмендетіп, ас тұзының көлемін арттырады. Кебу соңында салыстырмалы түрде сүрлеу заттарының құрамы көбейеді,  нәтижесінде өнімдерді ұзағырақ уақыт бойы сақтауға болады.+

Сүрлеу уақыты әрқилы, ол өнімнің көлеміне байланысты. Орташа есеппен алғанда 12-24 сағат. Егер балық не құс болса – 12 сағат. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 4676
0 пікір
Блог туралы