Табиғатта серуендеп жүріп жыланға кезіккеннен асқан қорқыныш жоқ. Ал, екібасты жылан одан да сұсты. Гендік мутация арқылы пайда болған екі басты жыландарды өмірде кездестіру мүмкін емес.
Ал, Лос-Анджелестегі Венис-Бич құбыжықтар шоуында Медуза деп аталатын екібасты жылан өмір сүруде. Медузаның ұзындығы 900 см.
Шоу иесі Тодд Рэй жылан үшін 50 мың доллар төлеген. Тодд Рэй қазір екібасты жануарлар өсірудегі әлемдік рекордты ұстап тұр.
«Мен осыдан 4 жыл бұрын ол өмірге келгенде сатып алғым келген», – дейді Рэй.
«Жылан тамақ ішкенде басын кезекпен ұстап тұрмаса, бір басы екіншісін шағып алады», – дейді Рэй.