Дәрігер ана құрсағындағы баланы ультрадыбыс арқылы көргенде өз көзіне өзі сенбеді (ВИДЕО)
Дәрігер ана құрсағындағы баланы ультрадыбыс арқылы көргенде өз көзіне өзі сенбеді (ВИДЕО)

Сара мен Дэн Маун балаларын экраннан көргенде қуаныштарында шек болмады. Болашақ ана жүктіліктің 22 аптасында еді. Ол уақытта ерлі-зайыптылар егіздер болатынын білді. Ата-анасы екі егіз балаларына есім де таңдап қойды. Себастьян мен Гарри ана құрсағында жатқанда өте белсенді болды. Сара мен Дэн мұны жақсылыққа балады.

Алайда, дәрігерлер нәтижесін көргенде түнеріп кетті. Камерадан балалар қолдарын бұлғап тұрғандай көрінді. Енді бірінде балалардың бірі камераны ары итеріп жібергендей болды. Олардың ширақ қимылдарына қарап, егіздердің ауыр дертке шалдықты деп ешкім ойламады. Дәрігерлер сәбилердің фето-фетальный трансфузионный синдром ауруына шалдыққанын айтқан. Ол бір жұмыртқалы егіздердің 15% жайлайды. Балалар арасындағы қан айналымы бұзылады. Егіздердің бірі өте көп мөлшерде сұйықтық алса, екіншісі керісінше оның жетіспеушілігінен қиналады. Аса ауыр жағдайда екі балада көз жұмуы мүмкін.

Балалар ананың құрсағында жатқанда лазермен операция жасалды. Ота 6 сағатқа созылды. Нәтижесі өте жақсы болды. Дүниеге дені сау балалар келді. Қазір егіз жігіттер ата-аналарын қуантып, күн санап ер жетіп келеді. 


qamshy.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3597
0 пікір
Блог туралы