Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытай да бір­неше ғасырдан бері оның етімен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпемен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.

Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпемен туберкулезге, қанқысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тигенмен тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасымен гастрит­ке таптырмасем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді.

Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің жеңсікасы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.

Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтарымен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында–фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың етімен жұмыртқасын да осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауық тан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 4420
1 пікір
Блог туралы