Бізден "қазақстандық ұлт" жасаудың қажеті жоқ
Бізден "қазақстандық ұлт" жасаудың қажеті жоқ

Бізден "қазақстандық ұлт" жасаудың қажеті жоқ. Біз Қазақ ұлты, Қазақ еліміз! Рио олимпиадасы да елімізде тұратын əртүрлі ұлт өкілдерінің Қазақ елі деп атануы үшін ұлтымыздың маңайында топтасып жатқанын байқатты. Олимпиада жүлдегерлері қызылордалық Александр Зайчиков "əйтеуір" деп сөзін бастап, қазақша зулатып сұхбат бергенінде, Екатерина Ларионованың əкесі қызынан кейінгі ұлына Дəулет деп қазақтың атын қойып, Қазақтың Туы желбіресін деп өз үйінде балаларын жаттықтырып жүрсе, қайдағы "үштұғырлы тіл", "қазақстандық ұлт" дерсіз? Бірі қазақша сөйлеп, бірі қазақтың атын сыйлап жүрген азаматтарымызды қалайша жақсы көрмейсің? "Біздің Қазақстанымыз" деген тілдерінен айналдық! Оларды ары итермейік, көңілдерін басып тастамайық! Ал ол үшін қолдан ұлт жасамай, үш тілді шұбарлатпай, қазақ ұлтының, тілінің маңында бəрін топтастыра білейік! Айтпақшы, Президентіміздің 1997 жылғы стратегиялық жолдауында барша азаматтардың қазақ ұлтының аясында топтасу мəселесі бар сияқты еді ғой. 

Кәмшат Тасболат

Alashainasy.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 3021
0 пікір
Блог туралы