БІЗ ҚАЛЫП БАРАМЫЗ...
БІЗ ҚАЛЫП БАРАМЫЗ...

Біз Еуропадан тек экономикалық жағынан емес, Дін жағынанда қалып барамыз. Қазір Еуропада Ислам дініне көзқарас басқа. Мұсылмандыққа үрке қарамайды. Тіпті Германия, Францияда Хиджабтағы қызға тиіссеңіз, Мұсылман еместердің өзінен бәлеге қаласыз (ютубтан видео эксперименттерін көргенмін). Күн сайын қанша адам Ислам дінін қабылдауда. Ақиқатты тануда. 

Әлемдегі кітапты ең көп оқитындар сол Еуропалықтар. Білім жағынан да алдыңғы орында. Ең мықты әлемдік университеттерде сол Еуропада. Егер Ислам діні ойдан шығарылған болса, Ойлау қабілеті мен білімі өте жоғары Еуропа оны қабылдайтын ба еді??? Әрине ИСЛАМ ХАҚ ДІН. Сондықтан да ол мыңдаған жүректерден сағат сайын орын тауып келеді.. 
Жаңада бір видеоны байқадым. Англияда университеттегі намазхананы жапқаны үшін, сол университеттің мұсылман студенттері, оқу орнының алдында Жұма намазын өткізіпті. Қызығы, оларды айнала Мұсылман емес студенттер қоршап тұр. Тәртіп сақшылары, күзетшілер тиіспеу үшін. Бізде осылардан үлгі алсақ.. 
Міне Дамыған елдер қандай.. Жыл сайын Мұсылмандарға арнап қаншама мешіт, намазханалар салуда. Хиджаб киген қыздар жайлы, "Ата бабамыз бұлай киінбеген, жігіттер сақал өсірмеген" деп дау тудырып жатқан жоқ. Ал біздер САҚАЛДЫ ЕРЛЕРМЕН, ОРАНҒАН АНАЛАРДЫҢ ұрпағы болсақта, ол нәрсені жат көріп жүрміз. 
Біз Еуропадай дамимыз деп, Рухани құлдырап бара жатқанымызды сезбей келеміз. Еуропада Мұсылманның өзін Мұсылман еместер қорғап жатқанда, бізде Мұсылмандар бір біріміздің көзімізді шұқып жүрміз. Исламның талабын ұстанудың орнына, АЛЛАНЫҢ бұйрығын талқылауды шығардық. Анамыздың жетілмеген еркетотайындай, мынаны істеймін, мынаны істемеймін деуге көштік. Соңында Ата бабамыз жүрген Құранды қойып, "ата баба діні" деген дін шығарып алдық. Себебі ҚҰРАНДЫ ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙСЫҢ, АЛ "АТА БАБА ДІНІ" ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ АРТЫНА, ӨЗІҢНІҢ ҚАНШАМА ЖАМАН ПИҒЫЛЫҢДЫ ЖАСЫРУҒА БОЛАДЫ. Міне, біз осылай Еуропадан Дін жағынан да қалып барамыз. Әрине өкінішті.. Өте өкінішті..

Әлишер Әбдишев-тің Фейсбуктегі жазбасынан
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 2840
0 пікір
Блог туралы