Бір ауылда 30 жұп егіз тұрады
Бір ауылда 30 жұп егіз тұрады

Маңғыстау ауданына қарасты Ұштаған ауылында егіздер өмірге көп келеді. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 30 егіз жұп бар. Олардың үлкені 40 жаста, кішісі 4 айлық сәбилер. Ауылда жыл сайын кемінде бір егіз дүниеге келеді екен. Демографиялық өсімін жергілікті тұрғындар таңғажайып құбылысқа балап отыр. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл ауылда «Егіздер» деп аталып кеткен ерекше көше де бар. Мұндағы 7 үйде де егіздер тұрады. Сондай-ақ қос егіз ұл-қызды тәрбиелеп отырған Назаровтар отбасы да осы ауылдың тумалары. Аналарының айтуынша бет-әлпетінде ешқандай айырмашылық болмағанымен мінез-құлықтары екі түрлі.

«Біз мұны "Тәңірдің сыйы" деп санаймыз. Егіз қызымыздан соң араға төрт жыл салып тағы егіз ұлымыз дүниеге келді . Кеудемізді әрқашан қуаныш кернеп тұрады. Сөзбен айтып жеткізу қиын, шүкіршілік етеміз»,-дейді Ұштаған ауылының тұрғыны Айдос Назаров.

Расымен де бір ауылда егіздердің көптеп дүниеге келуі сирек құбылыс. Мәселен, 1981 жылдан қазіргі уақытқа дейін бірнеше егіз дүниеге есігін ашқан.

Ауылдағы ең кішкентай егіз сәбилер қазір 4 айлық. Ал, 2017 жылы егіз ұл мен қызды дүниеге әкелген тұрғынның айтуынша сол жылы перзентханада бірнеше егіз бала туған. Мамандар «бұл құбылыс әлі толық зерттелмегенімен генетикалық тұрғыда бірнеше фактор әсер етуі мүмкін»,-дейді.

Маңғыстау ауданына қарасты бұл ауыл ғана емес, әлемде Ұштаған сынды ерекше елді-мекендер бар екен.

«Адырна» ұлттық порталы

"Балаларымызда егіз болса екен дейміз": Егіз қыздарға үйленген ағайынды егіздер бір шаңырақ астында тұрып жатыр

Ағайынды Асан мен Үсен Әлия мен Әсия есімді егіз қыздармен отау құрып, бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Егіз жігіттер де, егіз қыздар да бала күнінен бір отбасына келін болуды армандаған. Ал Асан мен Үсен 5 жыл іздеп егіз қыздарды әрең таптық дейді. Бұл жайында stan.kz хабарлайды.

Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарамасында айтылды. 

Асан мен Үсен есімді егіздер 24 жаста. 7 ай бұрын егіз қыздарға үйленіп, қазір бірге тұрып жатыр. Екеуі де бала күнінен егіз қыздарға үйленуді армандаған. Ақырып тауып, тату-тәтті тұрып жатыр.

"Ата-анамыз да егіз қыздарды алып беремін деп жиі айтатын. Өзіміз де егіз қыздар алсақ, бірге тұрамыз. Бауыр боламыз деп ойладық. Біз бажамыз немесе абысынбыз деп қарамаймыз. Керісінше бауырмыз, әпке-сіңліміз деп қараймыз. Сондықтан бауырмалдық арта береді. Балаларымыздың да егіз болғанын қалаймыз. Себебі, бауырмалдығымыз артып, үлкен әулетке айналсақ деп ойлаймын", - деді Асан. 

Егіздердің бірі желі арқылы танысып, кейін сыңарларымен таныстырған екен. 

Гүлвира Индира есімді егіз бойжеткендер желіде белсенді. Өз оқырманы бар. Олар да үнемі бірге жүргенді қалайды. 

Егіздердің психологиясы әдетте жасөспірім шақтан кейін қалыптасады. 

Психолог маманның айтуынша, жасөспірім шақта біз неге бірдейміз деп ренжісетін егіздер кейін бір-бірінсіз жүре алмайтын күйге түседі. 

"Егіздердің бірі пысық, бірі жуастау болатыны жиі айтылады. Бірақ, бәрінде бірдей емес. Кей егіздер бір-бірін толықтырып тұрады. Мәселен, бірі пысық болса, басқа уақытта жуастық танытып, екіншісі пысық болып кетуі мүмкін. Көңіл-күйге байланысты өзгеруі мүмкін", - деді Жанаргүл Тұрманова. 

Елімізде Маңғыстау мен Қызылода өңірін егіздер көп тұратын ауыл бар. Алайда, мұның сыры әлі ашылған жоқ. Бірі мұны киелі мекен десе, енді бірі тұқым қуалаушылық деп атайды. 

Ал мамандардың сөзінше, егіздердің тұқым қаулауы дәлелденген. Дегенмен тұқымда жоқ болса да, егіз бала өмірге келуі қалыпты жайт. 

"Қазір бала көтере алмай жүрген ерлі-зайыптылар, әсіресе, ұзақ уақыт бала сүймегендер жасанды ұрықтандыруға сүйенеді. Олар бірден егіз, үшем, төртемді өмірге әкелсем дейді. Бірақ, біз оған кеңес бермеймін. Егізді, үшемді өмірге әкелу үшін денсаулығыңыз жақсы болу керек. Егіз екі есе, үшем үш есе ауыр әсер етеді. Сондықтан бір баланы сау өмірге әкелуге кеңес береміз. Егер Алла бұйырып, егіз болып жатса оған еш қарсылығымыз жоқ", - деді дәрігер Әйгерім Дүйсенбаева. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 жыл бұрын 1727
0 пікір
Блог туралы