Бір көкеміздің үйіндегі женшеміз тоғызыншы қызын босанғанда, көкеміз :
- Ксерекопия болып кеткеннен саумысың? Меннен де бір нұсқасын алсан болады ғой - деп, перзентхананың терезесінің түбінде жылаған екен. Сонда көкеміздің қайын енесі тыңдап тұрып: - Әй күйеу бала, гәп диқанда. Не ексең соны орасың. Бидай ексен- бидайыңды, арпа шашсаң - арпаңды орасың, - деген сөзіне көкеміз де қарап отырмай: - Диқан зор - жер сорлап қалған! - деп, қайырған жауабына енесі де:
-Шырағым, мықты диқан сорлаған жерді де гүлістан етеді - деген екен.
Біздің аулымызда бір дәрігер бар еді, әйелі 7 қыз туған. Байғұс 4 қыздан кейінгі босанғанның барлығында,қыз екенін естіп еңіреп алады екен. Дәрігер ағай да бір областың ауруханада жоғарылаған уақытта , өзі қызмет ететін, өзіміздің ауылдың қызын тоқал етіп алды. Енді ауылдағы өрбіген өсекті айтсаңшы. Елдің бәрі бәйбішені аяды. Енді қыз да Алланың бергені ғой. Кәнекей перзентті адамдар қолдан жасап алса? Сонымен, ол тоқалы да 2 қызды туып берді. Тоқал екінші қызды босанғаннан соң, бәйбіше жүкті болып, егіз ұл босанып алды. Оның ұл туғанына бүкіл ауыл болып қуандық. Дәрігер қос ұлына көзайым болып, бәйбішеден кете алмай қалды. Алдын анда- санда ғана келіп, тұратын болған. Алла пендесіне сынақты әр қилы жолмен береді екен. Кейіннен тоқал алғаны үшін әбден өкінген екен деседі.
Мен тұңғышыма жүкті кезімде геникологияда ем қабылдап жаттым. Бір күні мамам мазасыз күйі жаныма келді. Реңі қудай ағарып, аяқ - қолдары дірілдеп тұрды. Мамам бетіне салқы су бүркіп, қолдан ұқалап едім шамалы өзіне келді. Мұның себебі мынадай екен;
Бұрын 4 қыз туған келіншек бесіншісіне жүкті екен. Шарана 4 айлық болғанда УДЗ ге түсірсе қыз деген екен. Қыз болғаны үшін гинекологқа келіп аброт жасатпақшы болған. Дәрігерлер мұның қаншалықты қауіпті екенін ескертсе де, аяқ тіреп тұрып алыпты. Аборт мерзімінен өтіп кеткен соң дәрігер, көп қан жоғалтып ала ма деп, мамамды, қан орталығынан шақыртқан екен. Абортты жасап жатқанда, 4айлық шарана белден төмен екі бөлініп шығыпты. Бір қызығы баланың титтей әшуі де шығып қалыпты. Сол абортқа кіргеннің барлығы мұны көріп әбден есі шығыпты. Бірақ, мұны келіншекке айтпапты. Өйткені оның халы ауыр болды. Жағдайды одан сайын ушықтырмайық деп шешіпті. Мамам сол кезде:
- Осы уақытқа дейін қаншама ауыр науқастарға қан құйдым, қаншама адам көз алдымда қайтыс болды. Бірақ ешқайсысында дәл бүгінгідей қорыққан емес едім, - деп еді.
Көршім бүгін таң ертеңгісін бесінші қызын дүниеге алып келді. Жаңа маған қоңырау соғып, - Мен қашан ұл туады екенмін, - деп, бір жылап алды. Мен де : - Онда маған нотариуспен қол хат жазып бере салшы - десем , бір қарқылдап күледі, - Керек болса туып ал, қарашы мұны, - деп соңы әзілге айналып кетті.
Эх....шіркін! Қыз деген керемет жан ғой. Әркім өзінде жоғын армандайды.