Бердібек Сапарбаев: Неге қазақтың қызы қытайға күйеуге шығады?
Бердібек Сапарбаев: Неге қазақтың қызы қытайға күйеуге шығады?

Ақтөбеліктер облыс әкімінің халықпен кездесуінде шетелдіктерге күйеуге шығуға құмар қазақ қыздарының мәселесін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

«Мен 42 жыл дәрігер болған адаммын. Осыдан екі жыл бұрын Алматыда жүргенімде, орталық баспасөзден оқыдым. 6 айдың ішінде 5500 қазақ қызы қытайға күйеуге шыққан екен. Ал қытай елінде 85 млн бойдақ адам бар. Олардың барлығы бізге келсе не болады?», - деді қала тұрғыны Абдулла Омаров.

Шетелдіктерге күйеуге шығуға құмар қазақ қыздары туралы ақпарат облыс әкімінің ашуын келтірді.

«Неге қазақтың қызы қытайға күйеуге шығады? Қайда оның әке шешесі? Оның тәрбиесі қайда? Неге қарамайды әке-шешесі? Сондықтан, ағайын, әуелі өзімізге сұрақ қоюымыз керек. Мен балама қандай тәрбие бердім? Одан кейін мұғалімдер. Мұғалімдерге де қоятын кінәлар бар, бәрі деп айтуға болмайды. Мұғалімдердің ішінде ер азаматтар азайып кетті», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауды айтып, сапалы білім беруге күш салу керектігін атап кетті.

«Үш тілділік жөнінен, егер біз дамыған мемлекет боламыз десек, ұрпағымыз қатарынан кем болмауы үшін қазақ тілінен бөлек, екі тілді жетік меңгеруі керек. Қазір жаңа технология келіп жатыр. Сондықтан мұны дұрыс түсіну керек. Тек бұған асықпаған жөн. Дайындалу керек. Мұғалім дайындау қажет, материалдық база дайындау керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
9 жыл бұрын 6566
9 пікір
  • Мен келісемін. Бердібек Сапарбаев адал, елім деген ер азамат. Шындықты айтып жүреді. Ол айтқандай Дайындық керек-ақ. Ал біздің атқа мінерлер "Үш күн жем жеп БƏЙГЕГЕ шапақшы".
    9 жыл бұрын
  • Біздің елде 8 қызға 1 еркектен деп атойлатқаннан кейін басқа ұлтқа кетеді да. Барлық қыз жар құшып, ана атанғысы келеді.
    Менің жұмыстас құрбым кәріс жігітіне шықты, анасы тіпті араласпай қойды, алайда 2 балалы болған соң жібіп араласа бастады. Ол жігіт өз кезегінде қыздың бар жағдайын жасады, үй жасады, екеуінің де көліктері бар, жылда демалуға шетелге барады. Ал қазақтарға шыққандардың бір басында 2 кредит, пәтер жалдап, автобуспен барып келеді, айлығы шайлығына жетпейді, шетелге шығуды тіпті армандамайды да.
    Қыздардың басқа ұлтқа шығуына тіпті қарсымын, бірақ өзіміздің жігіттердің жігерсіздігіне қарап қаным қайнайды. Еркек болған соң өл-тіріл отбасыңның жағдайын жасау керексің. Ол шариғатта да бар.
    9 жыл бұрын
    • Әркім бұл дүниедегі ризығынан артық та, кем де алмайды. Сіз бір ғана кәрісті мысалға келтіріп отырсыз. Шетелде демалу мақсат емес. Шетелде демалатын қазақтар да бар. Ата-анасын тыңдамай тұрмыс құрған қыз оңбайды. Іштен шыққан қара жылан болғаннан кейін амал жоқ жібиді да.
      9 жыл бұрын
    • Барлығыда имансыздыққа келіп тіреледі,кәріске шыққан қыз имансыз,егер ол кәріс өзінің дінінде болса,яғни христиан.Багги әңгіме шетелге шығу емес,және де барға қанағат ете білу керек әйел адам,керек десеңіз Пайғамбарымыз(саллаллаһу әләйһи уә сәлләм)да және оның сахабаларыда бірде бар,бірде жоқ өмір сүрген.Шариғатта екеуіде үлкен күнә,басқа дінге тұрмысқа шығуда,кредит алуда.
      9 жыл бұрын
      • Ұлтқа тіреліп тұрған ештеңе жоқ,бастысы мұсылман болу керек.
        9 жыл бұрын
        • Мысал үшін айтып едім, шетелге тірелудің қажеттілігі жоқ.
          Менің айтпағым ер адам үйленген соң отбасын бағып, қағу керек. Мені мүлдем түсінбедіңіздер.
          9 жыл бұрын
  • Рас па? 5500 қазақ қызы!? мынауың сұмдық қой! Мұсылман еместерге қыз беруге болмайды ғой дінімізде! сол қыздар елімізден кетсін!
    9 жыл бұрын
  • 1. Ризық мәселесіне келсек әрекетке берекет.
    2. Басқа ұлтқа қыз бермеу дегенге келсек, ер азаматтар оның ішінде қыздың әкесі, ағасы, інісі мықты болу керек.
    Жалқаулыққа салынбай, намысты қолдан бермесек барлығы да дұрыс болады.
    9 жыл бұрын
  • Ойымды нақтылап айтсам, ер адам үйленген соң отбасы жағдайын жасау керек. Ал басқа ұлттар пысық келеді көбісі, сол үшін кейбір қыздар басқа ұлтты жігіттерді таңдайды деп ойлаймын.
    Өз басыма келсем қыздардың басқа ұлтқа шығуына қарсымын!!!
    Бірақ адамдарды адамгершілігіне қарап бөлемін.
    9 жыл бұрын
Блог туралы