Алматы облысында Индира Патталова есімді мұғалім "Еуразия" бірінші арнасындағы танымал QosLike ток-шоуына қатысқаннан кейін жұмысынан шығуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. 10 жылдық еңбек өтілі бар педагогтің айтуынша, мектеп директоры жобадан кейін екі-үш күн өткен соң өзіне шақырып, өз еркімен жұмыстан кетуін сұраған-мыс. Осы тұста Tengrinews.kz тілшісі адвокат Қадыржан Ғалымжанұлынан мұғалімдердің құқығы қай заңда қорғалғанын және басшылық жұмыстан шығаруды талап етсе, не істеу керегін сұрады.
Адвокаттың айтуынша, мұғалімдер ҚР Еңбек кодексінің, Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы бұйрығында және Еңбек келісімшартының тәртіптерінде жазылған ережені бірнеше рет, дөрекі түрде бұзса, жұмыстан шығарылады.
Мұндай жағдайларды Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес шешеді. Кеңестің негізгі міндеті педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу, педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу.
"Мұғалімдер "жұмысшы" санатында болғандықтан, әдетте, ол кісілердің нақты құқықтары Еңбек келісімшартында жазылады. Бұл Еңбек кодексіндегі негізгі құқықтарды қоспағанда", - дейді Қадыржан Ғалымжанұлы.
Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы бұйрыққа сәйкес, педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарына адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму жатады.
Маман басшылық жұмыстан шығуды талап етсе, не істеу керегін айтты.