«Бәрібір шешпеймін»: Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарға жауап берді
«Бәрібір шешпеймін»: Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарға жауап берді

Қазақ эстрадасының белді өнер жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққалы басынан орамалын тастамай тағып жүр. Тағы да отбасылы болған өнер иесінің киіну мәнеріндегі өзгерісі көптеген жанкүйерлерін таңғалдырғаны сөзсіз. Орамалын қашан шешеді деген сұраққа жауап таппай жүрген оқырмандарына әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова өзінің  Instagram парақшасында айтты. Әнші желідегілерден киім үлгісіндегі өзгерісі жайында қайта-қайта жазбауын сұрап, орамалын енді бұдан былай мүлдем шешпейтінін кесіп айтты. Эстрада жұлдызы бұл пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

"Орамалыма тиісе бермеңіздер, мақұл ма? Бәрібір шешпеймін" , - деп жазды әнші.  Соңғы уақытта желідегі парақшасын дін тақырыбындағы жазбаларға толтырып келе жатқан Мөлдір Әуелбекова тағы да орамалды фотосымен бөліскен. Алайда, бұл жолы өнер иесі көйлек емес, шалбар киіп шыққан. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 ай бұрын 942
0 пікір
Блог туралы