Ауғанстанның жекеменшік мектептерінде сабақ тоқтатылды
Ауғанстанның жекеменшік мектептерінде сабақ тоқтатылды

Кандагар қаласының білім департаментінің өкілі Білім министрлігінен қаланың барлық жеке білім беру мекемелерінде оқуды тоқтату туралы хат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы stan.kz хабарлады. 

Министрлік Кандагар мен Гильмендтегі барлық білім беру мекемелерінің "жобалары мен қызметін" тексеру үшін делегация тағайындады.

Дереккөздер басылымға кейбір үкіметтік емес ұйымдар елдің шалғай аудандарында қыздар мен ұлдарға арналған жергілікті білім беру сыныптарын ашқанын хабарлады. Сонымен қатар елдің экономика министрлігі кем дегенде 178 ұйым білім беру саласында белсенді жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"34 провинцияда білім беру секторында 178 жеке меншік – 118 отандық және 60 шетелдік ұйым белсенді жұмыс істейді", - деді Ауғанстанның Білім министрлігінің өкілі Абдул Рахман Хабиб. 

Еске салайық, Талибан басқаратын Ауғанстан билігі алтыншы сыныптан асқан оқушыларға мектепке баруға тыйым салғанына бір жарым жылдан астам уақыт өтті.

Дерек көзі: Stan.kz

Stan.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 жыл бұрын 2066
0 пікір
Блог туралы