Анасын жалғыз тастап, әйелімен бөлек шыққан жігітке не болғанын біліңіз
Анасын жалғыз тастап, әйелімен бөлек шыққан жігітке не болғанын біліңіз

Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ата-анаға құрмет қылу намаз оқығаннан да, ораза тұтқаннан да, қажылық және ұмыра жасағаннан да және Алла жолында жиһад қылғаннан да абзал», - деген екен. Иә, ата-ананың қадірін түсініп, оларды құрметтегендер бұл дүниеде де, арғы дүниеде де бақытты жан болмақ. Ал, оларды өздеріне жүк санап, ауырсынғандар өз бағын байлайтыны сөзсіз. Белгілі ұстаз Әбдуғаппар Сманов ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет көрсетпеу Хақ Тағалаға қарсы келумен бірдей екенін уағыздарының бірінде мысалмен түсіндіріп берген екен.

 

«Шымкенттің Темірлан деген жерінен маған бір жігіт келді. Соңғы кездері талып қала беретін ауруға шалдыққан екен. Бұрын ауырмағансың ба деп сұрап едім: «Жоқ» деп жауап берді. Дәрігерге барса, «сап-саусың» деп қайтарыпты. Сонда мен: «Әке-шешең бар ма?» деп сұрадым, «Шешем бар» деді. Онда шешеңді алып келші көрейік дедім. Содан шешесін алып келді. Ол кісі баласының бұрын қояншық ауруымен ауырмағанын, 28 жасында бірден осы дерт жабысқанын айтып берді. Жігіттен: «Анаңды ренжіттің бе?» деп сұрап едім, «анасын қатты қадірлейтінін» айтты. Анасы да баласына шаң жуытпады. Мен сонда: «Шыныңызды айта беріңіз, Құдай көріп тұр ғой» деп едім, баласына жалтақ-жалтақ қарады да: «ИӘ» деді. Сол кезде әлгі жігітке: «Көрдің бе, саған анаңның жүрегінен қарғыс тиген» дедім.

Жағдайды анасы түсіндірді: Ұлымның үйленгеніне 2-3 ай болып еді. Бөлек шығамыз, өзім келіп қарасып тұрамын деді. Балам қойсайшы, сен менің жалғыз баламсың ғой, адамдардың бетіне қалай қараймын, мына үйден кетпеңдер, одан да мен кетейін десем де, тыңдамай кетіп қалды. Сонда «берген сүтіме разы емеспін» деген сөз аузымнан шығып кетті молдеке» деді...

Жігіттер, біз ананың сүтін тегін емгенбіз. Егер ол «берген сүтіме разы емеспін» десе, ішкен-жегенің харам болып қалатынын ұмытпаңдар!», - деп түйіндеді Әбдуғаппар Сманов.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 5982
0 пікір
Блог туралы