Жақында ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, отау тігіп, шаңырақ көтеруге ең оңтайлы жас – 28-32 жас аралығы екенін анықтады.
Оның себебі мынада: бұл жастағы адамдардың ақыл-ойы әбден толысқан, оң мен солын жақсы ажыратады, кез келген мәселені ақылмен шеше алады. Сол себепті олар қандай адаммен бірге өмір сүре алатынын жақсы түсінеді. Сондай-ақ, бұл жастағы адамдар ата-анасынан тәуелсіз, яғни өзін-өзі асырай алады. Демек ол қажет кезінде серіктесіне демеу бола алады.
Алайда 28–32 жас аралығындағы адамдар отбасы үшін өз мақсаттарын, қағидалары мен әдеттерін құрбан ете салатын жандар емес. Тек олардың бұрынғы әйелдері мен балалары болмауы мүмкін.
45-49 жаста құрылған отау да ұзаққа дейін өмір сүреді деген пікір бар.
Ғалымдар ажырасу мәселесін зерттеген кезде әртүрлі әлеуметтік топтарға жататын адамдарды негізге алды. Олардың діндері, жастары, білімдері, тіпті, тұратын жерлері де ескерілді. Негізінде ажырасу белгілі бір көрсеткішпен есептелуге келмейтін өте ауыр әлеуметтік құбылыс. Оған қоса, қазіргі таңда заңды некесіз-ақ бірге тұратын жастардың қатары көбейген. Бұл орайда ажырасуды зерттеуге алудың маңыздылығы төмендеп барады.
Дегенмен де, кез келген жағдайда өзгермейтін бір қағида бар: жоғары білім мен табысы мол жұмыс ажырасудың қаупін азайтады.