Әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды
Әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктердің алдыңғы орынына отыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті turkmen.news басылымы әйелдер көліктің артына ғана отыра алады деп хабарлайды. Жүргізушінің жанында ер туысы болса да, отыруға тыйым салынады.

Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері кетуге мәжбүрлей алады, – дейді Ашхабад тұрғыны.

Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған.

Айта кетейік, 2018 жылы Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 ай бұрын 1340
0 пікір
Блог туралы