70 күнәні өшіретін жалғыз амал
70 күнәні өшіретін жалғыз амал

Достық дегеніміз екі немесе оданда көп кісілер арасында ортаға шыққан сүйіспеншілік пен байланыс. Аллаһ үшін болған достық жалғасады, дүние үшін болған достық аққан жұлдыз сияқты бір жарқырап сөнер. Бүкіл мұсылмандар бір-біріне бауыр,өйткені, араларында өшпеген бір бауырластық бар. Пайғамбарымыз  үмбетіне былай әмір еткен: «Бір–біріңізге кек сақтамаңыз, қызғанбаңыз, бір-біріңізден бет бұрмаңыз. Ей Алланың құлдары, бауыр болыңыз, бір мұсылманның мұсылман бауырына үш күннен артық ренжісу халал болмайды.» Мұсылмандар қолайлы уақыттарда дін бауырын және жақындарын зиярат етер.Бұл зиярат сүйіспеншілік пен байланыстың нышаны. Зиярат етіп келген мұсылман бауырына мүмкін болғанша құрмет көрсетіп, күту керек. Өйткені, Пайғамбарымыз  бір хадис шерифінде былай бұйырған: «Сізге қонаққа келген мұсылман бауырларыңызды жылы жүзбен қарсы алып, құрмет көрсетіңіз». Және де Ибн Масут жолымен келген бір риуаятқа көре былай бұйырылған: «Аллаһ үшін бір-бірлерін жақсы көргендер, Аллаһ үшін бір-біріне қонаққа барғандар қиямт күні қызыл жақұттан жабылған тіректің үстінде болады. Бұл тіректің үстнде 70 мың арайлар бар. Күн дүниені қалай жарқыратса, бұл сарайлар жәннәттықтарды дәл солай жарқыратады. Ол жерде жннәттықтар былай дейді: «Бізді жіберіңдер! Дүниеде Аллаһ үшін бір-бірін сүйгендерді зиярат етейік». Ол жерге барған кезде жүздерінен шашылған нұр дүниедегі күннің нұры сияқты болады. Үстерінде сүндіс дейтін жібектен жасалған киімдер болады. Маңдайында былай жазулы болады: Бұлар Аллаһ үшін бір-бірлерін сүйгендер, Аллаһ үшін бір-бірін зиярат еткендер. Жоғарыда оқылған аяты керименің мағынасы Аллаһтан қорыққандардан басқа, бір-бірімен дос болғандар қиямет күні бір-біріне дұшпан болады. Бұл аяты керимеден түсінілетін достық, дүниедегі достық. Дүниеде кім Аллаһ үшін достасса, ақиретте де дос болып қалады. Кімді-кім дүниеде жаман ниетпен дос болатын болса, ақиретте дұшпан болады. Бұл достықта азапталуына себепші болады. Қиямет күні келген уақытта Аллаһу Тағала періштелерге әмір етеді: «Екі мұсылман кісіні құзырыма алып келіңдер дейді, Бұлардың біреуі күнахар, біреуі де итағатшыл, бірақ екеуі де иманмен көз жұмыпты. Аллаһу Тағала жәннәт қызмешісіне әмір етеді: «Итағатшыл құлымды жәннәтіме кіргізіп, ол жерде оған дайындаған сыйлықтарыммен сүйіншіле, мен одан разы болдым». Ал енді тозақ қызметшісіне былай әмір етеді: «Мына күнахарды тозаққа апарып, оған қатты азап ет, себебі, ол көз тірісінде арақ ішіп жаманшылық жасады».
Итағатшыл болған кісі қуанышпен жәннәтқа бар жатып мынандай дауыс естиді: «Ей досым, Аллаһ үшін маған мархамат, маған шапағатшы бол!». Осы дауыты естіп: «Мынау менің дүниеде бірнеше рет көрген мені танитын досым еді, мен ол досымды тозақтан құтқаруға күшім жетпейді, бірақ, мен тозаққа барып азапты бірге көруді қалаймын деп тозаққа баруын сұрайды». Осыдан кейін рахман және рахим болған Аллаһу Тағала тарапынан мынандай бір дауыс келеді: «Сен осындай халде оның тозаққа кіруіне риза емессің, себебі, ол сені дүниеде көріп, сені танып бірнеше күн сенімен менің ризашылығым үшін дос болған еді. Осындай жағдайда мен ол құлымның қалай тозаққа кіруіне риза боламын.Мен де сендерді кешірдім, кіріңдер жәннәтіме!» деп бұйырды.
Пайғамбарымызға  Қандай дос қайрлы деп сұралғанда, Пайғамбарымыз  да : «Аллаһты еске алуда жәрдемші болған және ұмытқан кезде саған ескерткен дос» -деп жауап береді. Ал қандай дос жаман деп сұралғанда Пайғамбарымыз  : «Аллаһты ұмытқан кезде саған ескертпеген, Аллаһты еске алған кезде ұмыттарған дос» -деп жауап береді. Пайғамбарымыздың     бір хадис шерифінде былай дейді :
«Кім мұсылман баурының кемшілігін іздестірсе, Аллаһу Тағала да оның бұрыңғы және соңғы кемшіліктерін іздестіріп, адамзат алдында ұятқа қалдырады. Ал кім мұсылман баурының кемшілігін жасырса, Аллаһу Тағала да оның дүние және ақиреттегі кемшіліктерін жасырады».Қиыншылықта болған мұсылман бауырының қажетін орыдау үшін жүгірген кімде-кімге Аллаһу Тағала жүрген әрбір қадамына 70 сауап жазып, 70 күнасын кешіреді. Егер мұсылман баурының жұмысы сол кісінің арқасында бітсе, онда сол кісі анасынан туылған сияқты болып күнасынан кешіріледі. Ал дәл осы уақытта қайтыс болса, сұрақсыз жәннәтқа кіреді. 
Абдулла ибни Хасан ибни Хүсейн (р.ғ) былай айтады: -Бір күні жұмыс үшін халифа Омар ибни Абдулғазиз махамына барып едім, маған былай айтты: «Бір жұмысың маған түссе, біреуден хабар жібер немесе хат жаз, себебі Аллаһу Тағаланың сені есігімде көруінен ұяламын»-депті.
Құрметті жамағат! Хұтбемді жоғарыда айтылып кеткен сүйікті Пайғамбарымыздың    хадис шрифімен аяқтағым келіп тұр.
-Екі құл Аллаһ үшін бір-бірін сүйсе және бұлардың батыста, екіншісі шығыста болса, әлбетте, Аллаһ оларды қиямет күні кездестіріп: «Ей құлым, мынау менің ризам үшін сүйген досың»- деп бұйырады.

Ihsan.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 4120
0 пікір
Блог туралы