Қазақстандық студент Қытайда 5 литр қан тапсырды
Қазақстандық студент Қытайда 5 литр қан тапсырды

Қазақстандық студент 8 жыл бойы Қытайда оқып жүріп 5 литр қан тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170516123421

Руслан жылына екі рет қан беруді әдетке айналдырған. Ол 2009 жылы 17 жасында сол елге жоғары білім алуға келген. 8 жыл ішінде ол жалпы 5 литр көлемде қан тапсырып үлгерген, ал қаны теріс резус-факторлы (Rh) қытайлықтардың саны небәрі 1-3% -ды құрайды екен.

20170516123411

Руслан осындай сирек кездесетін қан доноры болғанда кез келген уақытта көмек беретін айтып, әлеуметтік желілерде және қан орталықтарына телефон нөмерін қалдырып отырған.

Айта кетерлігі, ҚХР Мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы 23 наурыз Мәскеу халықаралық қатынастар институтында Русланның ізгі істері туралы айтып берген болатын.

Қазақстандық студент қытайлық басылымдарға берген сұхбатында адамдарға көмектескенде өзін бақытты сезінетінін жеткізген.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 күн бұрын 202
0 пікір
Блог туралы