Қазақпын десең өзіңе тиеді
Қазақпын десең өзіңе тиеді

Кештетіп отағасы үйіне налып кірді. Күндегідей емес жүзінен шаршағаннан, ашынғаны қатты байқалады. 
-Тамағыңнан құйшы, қарным аш, үзілейін деп тұрмын.
-Үйде нан жоқ, - деді əйелі қиналып екі көзін еденнен алмай. 
-Ренжімеші, бүгін күні бойы жұмысын істеткен адам еңбек ақымызды бермеді. 
Екеуі де үнсіз қалды, өртеніп жатқан өзекке бұл үнсіздік одан сайын май қүйғандай әсер берді. Отағасы екі-үш кесе шайын ішкен соң;
- Атаңа нағілет, қазақ десең өзіңе тиеді! Ертемен бір қазақтың жұмысын істеуге барғанбыз, дəулетті - ақ екен, бірнеше сауда орталықтары бар. Пісіміллә деп жұмысты бастағанымыздан бізге бұйыра сөйлеп басымызда тұрып алды. Түскі асымызға дүкенде тұрып қалған, уақыты өтіп ескіріп кеткен шұжықтарын алып келіпті, жей алмадық. Жұмысты бітіріп келіскен еңбек ақымызды күтіп отырғанбыз, үйден еңгезірдей бірнеше жігіт шықты да, бізді бас-көз демей төмпештеп тастады. Ақшамызды берген жоқ. Осы қазақтар қара жұмысшыны көрсе мүсəпір көргендей тыжыраятыны несі екен? Өткенде бір үйдің қабырғасын өруге барғанбыз. Жұмыс біткенде бізді жалдаған адам милицияның формасын киіп шығып тұр, жанына өзі сияқтыларды жиып алған. Ақымызды жеді. Еркек болсам да жүрегім қанжылайды түсінесің бе?
- Түсінемін ғой. Өзіде күйіп отырған отағысының жанын аяп кетті. 
- Расында біздің қазақ осындай. Лауазымды адам көрсе бір жеріне кіріп кете жаздайды. Ал кедейлер олар үшін жүрген біреу, өздерінше олармен амандасуға арланады. Ей, не дейін. Жақында ғана бір түріктің үйіне бардық, жұмысы біткенше əлгі түрік кісі біздің ісімізді мақтаумен болды. Жұмыс біткен соң келісілген ақшадан да көп төледі. Монша жағып қойыпты, мәз болып түсіп алдық. Өзі бəйек болып жүгіріп жүр, үлкен мейрамxана иесі екен, мейрамxанасына апарып қалауымызша тамақтандырды. Үйге дейін аяғымызды жерге тигізбей мəшинесімен жеткізіп тастады. Өзбектердің үйіне барамыз, лайым көк шайы мен қызыл шайыңды дайындап қояды, обедіңді аямайды. Ал біздер...
Отағасының тамағына өксік тығылды. 
- Өткенде ғой жұмыс жасап жатып суымыз таусылған соң жақын маңдағы үйдің есігін қағып су сұрадық. Үй иесі қазақ екен, сарылдап ағып тұрған суды жоқ деп есігін тарс жапты. Амалсыз жанындағы үйдің есігін қақтық, үй иесі қозықарын өзбек екен, танымаса да бəйек болып амандасып жатыр, су сұрадық. Үй егесі əйеліне қарай айқайлады, 
"-Аясы шайыңнан дайында мына балалар күн ыстықта жұмыс жасап жатыр екен". Арада сүт пісірім уақыт өтпестен əлгі өзбектің əйелі суы мен қоса бір шəйнек шайын , конфет-сонфетін, бірнеше ыстық пəтір нанынан алып шықты. Риза болдық. Бірақ өз қазағыңның өзге ұлт құрлы болмаған əлгіндей ісі жүрегіңді мұздатып жібереді екен. Əйтпесе суда тұрған не бар дейсің.???? Бізді мүсəпір деп ойлаған шығар.

Өзінен бай қауқарлы адамды көрсе елпілдеп кетеді, ал әлсізді мұқатып жылатуға дайын тұратынна қайран қалам. Бауырларым-ай Алла саналарыңа берсін. Басқа не дей аласың??? 
П/с: Фб-да достығымда бар қарапайым қарындасымның өтінішімен жазып отырмын.

Рашид Жаксылыков

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
1 жыл бұрын 1301
2 пікір
  • BQ
    Биздин казекен, озинин куштилигин, мыктылыгын корсету ушин озинин Туган бауырын, казагын озектен тебуди жаксы менгерген гой.
    1 жыл бұрын
  • Кешегідегі репрессия кезінде де қазақты жау деп ұстап берген өзбек емес һәм түрік те емес, тіпті орыстар да емес еді. Өзіміздің қазекеңдер бас ал десе шал алдының кейіпін кейіп, кімді көре алмаса, соның үстінен арыз жазып аттырды. Зиялы қауым кетті, зиясыз опасыздар қалды, солардың ұрпақтары алыста емес, өз арамызда. Одан бертін тәуелсіздік алған кезде де біздер билік басына оқыған тоқыған деп өзімізше арамыздан қаймақ сымақтарды сайлап отырғызған едік, бірақ олардың жүректеріндегі имандарына әсте қарамаппыз. Еуропа, Америка елдеріндегі миллионер байлардың қайсысын алып қарасаңыз да, атадан балаға мұра болып келе жатқан байлық екен, ал аталары әлбетте өз алдына ол байлықты еңбекпен тауып жинағаны белгілі-ақ. Ал біздің месқарын байекеңдер айналдырған 25 жылда шіріген дәулетті кісілерге айналып шыға келді! Бұл қалай ә, деп ойлап қоям кейде! Исламдық радикализм деп дабыл қағып, намаз бен орамалға да шүйлігіп жүрген қарапайым қазақ емес ау,олар осы істерімен өздері радикал болып жатқандарын ұғып жатқан шенеунік пен жағалылар жоқ, сведский радикализм дей ме!?
    Эх, айтып айтпай не керек, қазақ десең өзіңе тиеді, рас!
    1 жыл бұрын
Блог туралы