Қанттан бас тарту нұсқаулығы
Қанттан бас тарту нұсқаулығы

Тәттіқұмарлық денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Соған қарамастан, қанттан бас тарта алмайтындар бар. Сол себепті, біз бүгін сізге көмектесетін нұсқаулықты ұсынамыз.

Тәтті, ұнды және қуырылған тағамдар тәуелділікті оятады. Адам қантқа физикалық тұрғыдан – тағамның табиғи дәмі жағымсыз болса, психологиялық – күйзеліспен күресуде көмектеседі деген оймен үйреніп алады.

Дегенмен, қантты жиі қолдану тек сымбатыңызға әсер етіп қана қоймай, зат алмасудың қалыпты жұмысын бұзып, адам ағзасында күйзелістің туындауына алып келеді. Бір жақсысы, ішімдік пен никотинге қарағанда тәттіден бас тарту әлдқайда жеңіл.

Неге тәтті адамды семіртеді?

Қанттың семіздікті тудыру себебі оның калориясының жоғарылығымен ғана байланысты емес. Бір қасық қант салынған шай небәрі 20-25 килокалорияға ие. Дегенмен, мұндай шай адамның қарнын ашырып, сізді қайта-қайта тамақтануға мәжбүрлейді. Алдымен қант қандағы глюкоза мөлшерін көтереді де, жарты сағаттан соң оның мөлшері бірден азаяды.

Егер сол сәтте қарныңызды тәтті арқылы қайта жүрек жалғап, тойдыруды ойласаңыз, бастапқы үрдіс қайталанып, қарныңыз одан сайын аша түседі. Қандағы глюкозаның жиі ауытқуы зат алмасуды бұзып, ағзаның инсулинге сезімталдығын азайтады. Осылайша, басты мәселе қант диабеті туындау мүмкіндігі артады.

21 күнде қалай қанттан бас тартуға болады?

Қанттан бас тарту – бірте-бірте іске асатын үрдіс. Тәуелділіктен айырылу үшін сізге 3-4 апта керек. Осыдан соң, тәттіге құмартпай, орнымен қолдануды үйренесіз:

• Алғашқы апта: газды сусындар мен шырындардан бас тартыңыз. Шайыңызға салатын қант мөлшерін азайтыңыз немесе мүлде салмаңыз. Оның орнына бір тамшы балды қолданып көріңіз.

• Екінші апта: үйге сатып алатын тәттілерден бас тартыңыз. Артық шоколад, бәліш пен торт бөліктерін сатып алмаңыз. Тәттілерді көзіңіздің көру аймағында сақтамаңыз.

• Үшінші апта: “жасырын қанттарды” ажыратып үйреніңіз. Өнім сатып аларда, сыртқы қорапқа мән беріп қараңыз, қант алмастырушылармен танысыңыз. "Қантсыз" деген жаңғырық жарнамаға алданып қалмаңыз. Фруктоза, глюкоза шырыны, мальтодексин, декстроза, сукроза, агава мен бал – қанттың түрлері.

Қанттан бас тартудың пайдасы мен салдары:

Қанттан бас тарта алмайтындар адамның миына қант керек деген жалған тұжырымға сенеді. Ал, шындығында адамның миы жұмыс жасау үшін қанттың қажеті жоқ. Ағза күрделі көмірсулардан глюкозаны өнідіріп алуға қабілетті. Қанттан бас тартқаныңыздан ешқандай зиян көрмейсіз. Есесіне, өзіңізді жақсы сезініп, артық салмақтан арыласыз. Басты пайдасы араға апта салып қандағы глюкозаның төмендеуінен туатын “жалған” аштықты шынайы аштық сезіменен ажырата бастайсыз.

Қанттан толық бас тарту дұрыс па? Қанттан толық бас тартқаннан гөрі, оны анда-санда саналы түрде қолданып үйренген жөн. Қантты күйзеліске қарсы құрал ретінде емес, адам ағзасына зиянын тигізетін “у” ретінде қабылдаңыз.

Кішкене бәліш пен бір шыны қантты кофе ішкеннің зияны жоқ екені анық, бірақ газды сусын мен торт, қала берді бір қорап шоколад жесеңіз ағзаңызды өлтіріп аласыз. Есте сақтаңыз, ағзаға қанттың өзі ғана емес, оны үздіксіз және өлшемсіз қолдану зиян.

massaget.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 ай бұрын 1070
0 пікір
Блог туралы